baxon_477_vm7u1zf1
Жамбыл облысында вегетация маусымы басталды. Өңірдің барлық су көздеріндегі суаруға қажетті су көлемі 1284 миллион текше метрді құрайды. Жауапты науқанға жан-жақты дайындалу мақсатында «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облыстық филиалының теңгеріміндегі каналдар қоқыстардан, лай мен өсімдіктерден тазаланды. Гидроқұрылымдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстағы қолда бар су ресурстарын тиімді пайдалану үшін және ағымдағы вегетацияны тәуекелсіз […]