Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын тәмсіл-ғұрыптар жеткілікті. Жоғарыда айтылған даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы бар екенін көрсетіп тұрғандай. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. […]
«Nur Otan» партиясынан сайланған депутат ретінде жол картасының орындалуын бақылау басты міндетіміз. «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының 4 тармағында бекітілген “Жастарға арналған аудан” бойынша ауданда еріктілер клубтары құрылды. Ағымдағы жылы жол картасында 2 еріктілер клубы ашылу қажет болса, қазіргі таңда […]
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы және Құркелес ауылдық округі әкімдігі бірлесе отырып, облыс аумағында басталған “Гүлденген Түркістан” ағаш отырғызу эко-акциясы аясында Құркелес ауылдық округі аумағында 200-ге жуық ағаш көшеттері егілді. Іс-шараның мақсаты — ауданды көгалдандыру, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шараға Сарыағаш ауданының мәслихат депутаттары М.Асилов, […]