baxon_477_vm7u1zf1
Бұл «Басқарылатын гипотермия» жобасын 5 жылда жүзеге асырудың нәтижесі. 2017-2022 жылдар аралығында AYALA қайырымдылық қоры демеушілерден және қазақстандықтардың қайырымдылық жарналары арқылы тартылған 300 миллион теңгеге Қазақстанның 14 балалар медициналық орталығын автоматты гипотермияға арналған заманауи жабдықтармен жарақтандырды және 235 жаңа туған нәрестенің өмірін құтқарды. Нәрестелер өлімінің құрылымында 60 пайыздан астамын жаңа туған нәрестелер құрайды. […]