baxon_477_vm7u1zf1
Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын тәмсіл-ғұрыптар жеткілікті. Жоғарыда айтылған даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы бар екенін көрсетіп тұрғандай. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. […]