Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Ақниет елді мекеніндегі «Ардагерлер саябағында» «7- мамыр Отан қорғаушылар күні» және «9-мамыр Ұлы Жеңістің 77 жылдығы» мерекелері кең көлемде аталып өтілді. Мерекелік іс-шараға жиналғандар Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына құран бағыштады. Мерекелік іс-шараға Құркелес ауылдық округінің әкімі Қ.Иматов, аудандық мәслихат депутаты Ә.Керімбекова және Құркелес […]

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы және Құркелес ауылдық округі әкімдігі бірлесе отырып, облыс аумағында басталған “Гүлденген Түркістан” ағаш отырғызу эко-акциясы аясында Құркелес ауылдық округі аумағында 200-ге жуық ағаш көшеттері егілді. Іс-шараның мақсаты — ауданды көгалдандыру, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шараға Сарыағаш ауданының мәслихат депутаттары М.Асилов, […]