Алматыда «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр.  8-9 сәуірге жоспарланған екі күндік шараға Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясы қолдау білдірді. Семинарды медиа тренер, Британиядағы «Avrupa» медиа холдингінің басшысы Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншікті тілшісі Юсуф Өзкан жүргізіп жатыр. Шараға Алматы қаласымен бірге Қазақстанның […]

2021 жылдың 20 желтоқсанында Түркітілдес журналистер қоры мен Halyk Bank серіктестігінде, отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы тақырыбына ұйымдастырылған «Еркін сөз»-2021 байқауының жеңімпаздары марапатталды. Журналистердің кәсіби білігін арттыру және қаржы саласындағы білімін жетілдіру мақсатында өткізілетін «Еркін сөз» байқауына қазақ тілінде мақала жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысты. «Биылғы жылдың ерекшелігі: […]