Алматы, 30 мамыр – Инклюзивті немесе қолжетімді туризм кез-келген адамның физикалық, интеллектуалдық ерекшеліктеріне немесе жасына қарамастан қолжетімді туристік бағыттарды, өнімдер мен қызметтерді қамтиды. Бірақ бүгінгі таңда мүгедектігі бар ададмдардың 70%-ы Қазақстан мен шет елдерге саяхаттағысы келетініне қарамастан («Аржан» қоғамдық қорының зерттеуіне сәйкес), туристік операторлар мен нысандардың көпшілігі бұл санаттағы адамдар үшін өз қызметтерін ұсынбайды . Бұл мәселені […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты деп хабарлайды https://ttjk.info сайты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы «Кулие» сарайында өткен Түркия Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөйлеген сөзінде ұлықтау рәсіміне арнайы келіп қатысқаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді. Мемлекет […]
Туризм саласын дамытуда Түркия әлем бойынша жетекші орында. Ел экономикасынан түсетін басты кірістердің бірі туризм саласына тиесілі. Бұл туралы Алматыда қазақ журналистермен кездескен Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы кеңесшісі Алпарслан Акынджы мырза мәлімдеді: “2022 жылғы деректерге сәйкес, былтыр Түркияға келген туристер саны 51,4 миллионнан асты. Бұл індет басталмай тұрғанда (2019 […]
Анталияның тарихи ауданы Финике табиғи сұлулығымен, дәмі тіл үйіретін тағамдарымен және тіршілік ағысының баяулығымен Халықаралық Gittaslow қауымдастығының назарына ілікті. Аталған ұйымның мәлімдеуінше, Түркияда адамдар асықпай өмір сүретін 22 баяу қала мен аудан бар. Үш жылдан астам талпыныс пен кеңестің нәтижесінде Анталияның сүйікті қалаларының бірі Финике қоршаған орта, инфрақұрылым, қалалық өмір сапасы, әлеуметтік келісім және қонақжайлылық […]
Жұмыс барысында Стамбұл қаласына жол түсті. Жүз естігенше, бір көрген артық деген. Бұл саяхаттың негізгі мақсаты – әсем шаһардың көрікті жерлерін аралап, тарихына қанығу. Алғашқы барған нысан – Сұлтанахмет немесе Көкмешіт. Бүгінде Түркияның символына айналған, әлемнің сәулет өнеріндегі ұлы туындылардың бірі – бұл мешіт ЮНЕСКО-ның мұралар қорына енгізілген. Көк мешіт 1616 жылы Византия королі өмір сүрген қамалдың орнына салынған, құрылысы жеті жыл […]
Халықаралық конгресс және конференция қауымдастығы (ICCA) және Қауымдастық және конференция форумы (AC) бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда өтеді. 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына басқосу өтеді. Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығы (ICCA) және қауымдастықтар мен конференциялар форумымен (AC) бірлесіп ұйымдастырылатын […]
БҰҰ мен Halyk қоршаған ортаны қорғау үшін күш біріктіреді. АЛМАТЫ, 31 мамыр 2023 жыл – Бүгін Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында”Reuse. Recycle. Reduce” тұрақты сән және өнер шарасыөтті. Іс-шараны БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі, Біріккен Ұлттар ҰйымыныңҚоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) және елдің жетекші банкі Halyk ұйымдастырып, кеңаудиторияны тартып, қатысушыларды пластикалық ластануға қарсы жаһандық күреске қосылуға шабыттандырды. Halyk Alañy алаңында […]
Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Атырау облысына жұмыс сапары аясында Абай атындағы оқушылар сарайына келіп, ондағы JasSpace STEAM орталығының жұмысымен танысты. Оқушылармен кездесіп, балалар жасаған STEAM жобалармен, роботтар прототиптерімен танысқан елші Дэниел Розенблюм JasSpace – уақытпен санаспай атқарған үлкен еңбектің жемісі екенін атап өтті. Және STEAM орталықта атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. Қазіргі […]
Конья қаласына келгендер міндетті түрде бас сұғып, зиярат жасайтын орын — Мевлана музейі. Бұл музей парсы ақыны Румидің құрметіне жасалған. Мевлана — біздің мырза дегенді білдіреді. Султан Ала ад-дин Кей-Кубад I арнайы шақырып алдырған Румиді халық Мевлана атаған. 1273 жылы ақын осы музей тұрған орынға жерленген. Румидің шәкірті кейіннен ұстазының басына маазолей тұрғызған. 1926 жылдан […]
Афионды апиынымен қоса артта қалдырып, Бейшеһерге жеттік. Бейшеһер — Коньяға жақын орналасқан қала. 70 мың тұрғыны бар. Мұндағы көне мешіт Эшфорфоглудың тарихы ХІІІ ғасырдан тамыр тартады. Ерекшелігі көп. 48 бөрене көтеріп тұрған мешіт балқарағайдан өрілген. Ағаш түзу болып, өз қасиетін ұзақ сақтауы үшін алты ай суда ұсталып, содан кейін ғана құрылысқа пайдаланылған екен. Биіктігі 7,5 […]