Армрестлингтен Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнінде жасөспірімдер және жастар арасында сайыс аяқталды. Дүбірлі сында ұлттық құрама сапында Түркістан облысы, Шардара ауданының өрендері бақ сынап, кіл мықтылар додасында Әнұранымызды 22 рет шырқатты. Ел қоржынына 22 алтын медаль салған сайыпқырандар сенімді ақтады. Атап айтсақ, жеткіншектер арасында 45 келіде – Базарбай Асылжан, […]
Бүгін Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Өзбекстанның аймақаралық ынтымақтастығының III форумына қатысты деп хабарлайды, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. Форумда сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, су-энергетика салаларындағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, туризмдегі және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық өңірлік […]
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы және Құркелес ауылдық округі әкімдігі бірлесе отырып, облыс аумағында басталған “Гүлденген Түркістан” ағаш отырғызу эко-акциясы аясында Құркелес ауылдық округі аумағында 200-ге жуық ағаш көшеттері егілді. Іс-шараның мақсаты — ауданды көгалдандыру, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шараға Сарыағаш ауданының мәслихат депутаттары М.Асилов, […]