Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы қолдауға тұрарлық. Өйткені, бүгінгі қоғам әділеттілікті талап етеді. Иә, елдің негізгі мақсаты да ашық, жемқорлықсыз әділетті қоғам орнату. Әрбір адамның пікірі ескерілгенде ғана бұл мақсаттарға қол жеткізуге болады. Қазіргі жастар да, жұмыс жасындағы азаматтар да әділдіктің ертерек салтанат құрғанын қалайды. Ол үшін қандай да бір бастаманы, сол бастаманы […]
Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Ақниет елді мекеніндегі «Ардагерлер саябағында» «7- мамыр Отан қорғаушылар күні» және «9-мамыр Ұлы Жеңістің 77 жылдығы» мерекелері кең көлемде аталып өтілді. Мерекелік іс-шараға жиналғандар Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына құран бағыштады. Мерекелік іс-шараға Құркелес ауылдық округінің әкімі Қ.Иматов, аудандық мәслихат депутаты Ә.Керімбекова және Құркелес […]
Түркістан қаласы облыс орталығына айналғаннан бері шаһарды абаттандыру жұмыстарына мықтап көңіл бөлінуде. Жасыл желекке оранған саябақтар мен аллеялар, көше бойы тізілген ағаштардың тұрғындар үшін жайлы атмосфера сыйлары айдан анық. Көне шаһардағы саябақтарды абаттандыру жұмыстарымен және оларды күтіп-баптау, суғарумен бірнеше мекеме айналысуда. Соның бірі — «Жасыл Түркістан» КММ ұжымы. Қазіргі уақытта «Жасыл Түркістан» мекемесі тарапынан қаланы […]
Чемпион атанған команда Түркістан қалалық №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы. Жаттықтырушысы — Нұржігіт Шектібаев. Турнирде «Бекзат» командасы атауымен тамаша ойын өрнегін көрсеткен жерлестерімізді спорт метебінің ұжымы, ата-аналар мен жанкүйерлер темір жол вокзалынан күтіп алды.«Сіздердің жеңіспен оралғандарыңызды мақтан тұтамыз. Чемпион болу оңай емес, ал ол атақты сақтап қалу одан да қиын. Түркістан тарихында мұндай […]
Түркістан облысы республика бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан эпидемиологиялық қауіпті аймақтар қатарына жатады. Сондықтан биыл жоспар бойынша өңірдегі 85 елді мекенде санитариялық қорғау аймақтары құрылып, залалсыздандыру жұмыстары қолға алынады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының бас санитариялық дәрігерінің орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді. «Өткен жылы облыс аумағында конго-қырым қанды безгегімен 4 науқас ауырған. Салдарынан 1 азаматтың қайтыс […]
Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын тәмсіл-ғұрыптар жеткілікті. Жоғарыда айтылған даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы бар екенін көрсетіп тұрғандай. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. […]
«Nur Otan» партиясынан сайланған депутат ретінде жол картасының орындалуын бақылау басты міндетіміз. «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының 4 тармағында бекітілген “Жастарға арналған аудан” бойынша ауданда еріктілер клубтары құрылды. Ағымдағы жылы жол картасында 2 еріктілер клубы ашылу қажет болса, қазіргі таңда […]
Армрестлингтен Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнінде жасөспірімдер және жастар арасында сайыс аяқталды. Дүбірлі сында ұлттық құрама сапында Түркістан облысы, Шардара ауданының өрендері бақ сынап, кіл мықтылар додасында Әнұранымызды 22 рет шырқатты. Ел қоржынына 22 алтын медаль салған сайыпқырандар сенімді ақтады. Атап айтсақ, жеткіншектер арасында 45 келіде – Базарбай Асылжан, […]
Бүгін Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Өзбекстанның аймақаралық ынтымақтастығының III форумына қатысты деп хабарлайды, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. Форумда сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, су-энергетика салаларындағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, туризмдегі және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық өңірлік […]
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы және Құркелес ауылдық округі әкімдігі бірлесе отырып, облыс аумағында басталған “Гүлденген Түркістан” ағаш отырғызу эко-акциясы аясында Құркелес ауылдық округі аумағында 200-ге жуық ағаш көшеттері егілді. Іс-шараның мақсаты — ауданды көгалдандыру, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шараға Сарыағаш ауданының мәслихат депутаттары М.Асилов, […]