Жаңа 2025-2026 оқу жылында Сарыағаш ауданы білім жүйесіндегәі инфрақұрылыммен ерекше көзге түсті. Білім бөлімі 1 қыркүйек күні қос бірдей білім ошағы пайдалануға берілді деп сүйіншіледі. Бұл –Сарыағаш ауданындағы білім беру саласындағы елеулі жаңалықтардың бірі. Президент пәрменімен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған білім ұяларының бірі –Сарыағаш қаласының аумағында болса, бірі – Қыжылжар […]

        Ағылшын жазушысы Бернард Шоу «Қолынан іс келетін адам жасайды, келмейтін адам үйретеді» дейді. Рас, қолынан іс келетін адам үшін арман-мақсатын жүзеге асыруға ештеңе кедергі бола алмайды. Тек қарым-қабілет пен ынта-жігер ұштасса болғаны. Бүгінде істің қиюын келтіріп, кәсібінен нәпақасын тауып жүрген жандарды көргенде ерекше қуанасың. Ауыз толтырып айтуға оңай болғанымен, кәсіп ашып, оны одан ары […]

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Бүгін онкүндіктің екінші күнінде Семей қаласындағы «Арена» мәдени-спорттық кешені аумағында Түркістан облысының мәдени күндері басталды. Екі күнге созылатын бұл іс-шара қос облыс арасындағы ынтымақтастық негізінде оңтүстік өңірден тойға тарту ретінде ұйымдастырылып отыр. Мәдени күндер аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды. Түркістан өңірінің табиғи әрі […]

     Міне, биыл 2005 жылы мектеп бітірген түлектерге 20 жыл толып жатыр. Бүгінде әлеуметтік желіні ашып қарасақ, 2005 жылғы түлектердің туған жеріне деген жасаған еңбектері жария болып жатыр. Бірі ауылдың қақпасын салса, бірі саябақ ашып, тағы біреуі оқыған білім ошақтарын жиһазбен жабдықтап жатыр. Мұның бәрі әрине асып тасығаннан емес, елге туған жерге деген перзенттік парыз. […]

Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын (Төле би) Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен бір айдан бері бүкіл қоғам болып атсалысқан «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы кеше, 11 мамырда қорытындыланды. Бұған дейін оңтүстік өңіріндегі ақпарат құралдарының өкілдері әрқайсысы өз алдына ұжымымен бірге сенбіліктер өткізіп келді. Бұл жолы тілшілер қауымы бірлігі мен ынтымағын танытып, сенбілікке бірлесіп шығу жайлы менің ұсынысыма […]

КӘСІПКЕР БОЛЫҢЫЗ…

Жас кәсіпкерлер үшін тамаша мүмкіндік. Егер сіздің жасыңыз 21-35 жас аралығында болса, қайтарымды қаржылай көмек алуға болады. 1 мамырдан бастап ASSYLTAS BUSINESS HELP жобасына өтінімдер қабылданады. Жас кәсіпкерлер 5 000 000 теңгеге дейін қаржылай көмек ала алады. Жоба жетекшісі Рауан Тұрлығазының айтуынша, кәсібін дамытуға ниет еткен жастар бірнеше бағыт бойынша бақтарын сынай алады. «Бұл жоба […]

«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аясында ауданда ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Аудан аумағы кезекті рет жасыл желекпен толықтырылды. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өзі бастап көпшілікпен бірге көшет егіп, тұрғындар мен қызметкерлерді экобелсенді болуға шақырды. Аталған тазалық шарасына: облыстық мәслихаттың депутаттары Ж. Сүлейменов, Қ.Салыбеков мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме […]

Жетісай ауданынан қызмет алушы (күміс алқа иегері) өзінің тұрғылықты баспанасы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеуіне байланысты тұрғын үй кезегіне тұру үшін бірнеше рет өтінішпен жүгінсе де, қызмет беруші әр-түрлі себептермен қызмет көрсетуден бас тартып отырған. Өзінің бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында аталған азаматшаМемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне арызбен жүгінген. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға […]

«Түркістан таланттары» жобасы аясында Сарыағашта қаламгерлермен кездесу өтті

Сарыағаш ауданында «Түркістан таланттары» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті.  Кеш кейіпкерлері – өлкемізге белгілі ақындар Мұрат Бекей және шәкірті Сұлухан Мыңбаева. Мазмұнды кездесуде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым модераторлық етті. Қонақтарға арнайы жасақталған «Құт қонған Саялы Сарыағаш» кітап көрмесі таныстырылды. Кешті Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және […]

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Сарыағаш өңірі шекара маңындағы аумаққа айналып, кейіннен ауданда шекара бөлімшелер орналасады. Әскери қызметшілер арасында заңдылықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 4 қыркүйектегі №247/6 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының) Сарыағаш қаласында Сарыағаш гарнизонының әскери прокуратурасы құрылған. Оның тарихы прокуратура органдарының жалпы дамуымен және қалыптасуымен тығыз байланысты. Гарнизон […]