Түркістанға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев іссапармен келіп, зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен кездесті. Оған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те қатысып, саяси науқанды саралады. «Farab» кітапханасында өткен жиында алдағы саяси науқанның мән-маңызы сарапталып, енгізілетін өзгерістердің халыққа берер нақты пайдасы сөз болды. Алқалы жиында Мәулен Әшімбаев алда келе жатқан саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, референдум […]
Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін Референдумды қоғамдық қолдау мақсатында 1 515 түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылып, 134 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Бұл туралы брифингте Қоғамдық штаб жетекшісі Қайрат Балабиев мәлімдеді. «Бүгінде облыста Ел Президентінің Референдум өткізу жөніндегі баршамыздың алдымызға қойып отырған міндетін жүзеге асыру мақсатында облыста екі штаб құрылды. Оның бірі — облыстық Қоғамдық штаб, екіншісі […]
5 маусымда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтеді. Түркістан облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскелері туралы мәліметтерді онлайн режимінде ала алады, деп хабарлайды Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының баспасөз қызметі. Өңір тұрғындары өзінің дауыс беру учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі арналар арқылы алуға мүмкіндік береді: Облыс тұрғындары «tur.saylaw.kz» сайлаушылар […]
Кез келген қоғамдағы өзгерістердің конституциялық негізі болмаса, ол өзгерістердің тиімді жүзеге асуы мүмкін емес. Сондықтан ел Президенті Конституцияға енгізілетін түзетулерді халықтың дауыс беруіне шығару туралы шешім қабылдады. Парламенттің қос палатасы тепе-теңдік жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады. Шұғыл жағдайда шұғыл заң қабылданады. Яғни, Парламент өз Палаталарының бірлескен отырысында халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, […]
Референдумға шығарылатын өзекті өзгерістер халықтың азаматтық жауапкершілігіне, саяси белсенділігіне байланысты, яғни саяси реформалар сонда ғана жүзеге асады. Осы өзгерістер нәтижесінде Парламент Мәжілісі заң шығаратын органға айналады. Ал сол заңды шығаратын Мәжіліске сайланатын депутаттардың 30 пайызын халықтың өзі сайлайтын болады. Сайланған депутат халықтың мүддесін көздемейтін болса, халықтың оны кері қайтаруға мүмкіндігі бар. Бұл – […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы қолдауға тұрарлық. Өйткені, бүгінгі қоғам әділеттілікті талап етеді. Иә, елдің негізгі мақсаты да ашық, жемқорлықсыз әділетті қоғам орнату. Әрбір адамның пікірі ескерілгенде ғана бұл мақсаттарға қол жеткізуге болады. Қазіргі жастар да, жұмыс жасындағы азаматтар да әділдіктің ертерек салтанат құрғанын қалайды. Ол үшін қандай да бір бастаманы, сол бастаманы […]