Түркістан облысының орталығында өткен «Алтын күз-2021» мерекелік шарасында ауыл шаруашылығы саласының жұмыстары қорытындыланып, ерте көктемнен қара күзге дейін тер төккен шаруалардың еңбегі еленіп, марапатталды. Аталмыш шарада Сарыағаш ауданы үш номинация бойынша үздік аудан атанды. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу», «Жұмыртқа өндіруден» және «Құс басын ұлғайтудан» облыста мол өнім жинап, еліміздің экономикасына орасан зор пайда келтірді. […]