ҚЫЗЫҚТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өміріңізде кем дегенде бір рет Кападокияға баруыңыздың бес себебі бар — дейді белгілі журналист Нәзия Жоямергенқызы Түркітілдес журналистер қорының ttjk.info.kz ақпарат порталында. Кападокия – таңғажайып табиғи сұлулығымен және тарихи орындарымен туристерді тартатын Түркияның ең тартымды аймақтарының бірі. «Ертегілер аймағы» аталатын қала әр маусымда үңгірлердегі қонақүйлерімен, түрлі-түсті әуе шарларымен, ерекше мәдени аялдамаларымен және жүзім шаруашылығы мен […]

Алматы, 30 мамыр – Инклюзивті немесе қолжетімді туризм кез-келген адамның физикалық, интеллектуалдық ерекшеліктеріне немесе жасына қарамастан қолжетімді туристік бағыттарды, өнімдер мен қызметтерді қамтиды. Бірақ бүгінгі таңда мүгедектігі бар ададмдардың 70%-ы Қазақстан мен шет елдерге саяхаттағысы келетініне қарамастан («Аржан» қоғамдық қорының зерттеуіне сәйкес), туристік операторлар мен нысандардың көпшілігі бұл санаттағы адамдар үшін өз қызметтерін ұсынбайды . Бұл мәселені […]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты деп хабарлайды https://ttjk.info сайты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы «Кулие» сарайында өткен Түркия Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты.    Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөйлеген сөзінде ұлықтау рәсіміне арнайы келіп қатысқаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді.   Мемлекет […]

Туризм саласын дамытуда Түркия әлем бойынша жетекші орында. Ел экономикасынан түсетін басты кірістердің бірі туризм саласына тиесілі. Бұл туралы Алматыда қазақ журналистермен кездескен Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы кеңесшісі Алпарслан Акынджы мырза мәлімдеді: “2022 жылғы деректерге сәйкес, былтыр Түркияға келген туристер саны 51,4 миллионнан асты. Бұл індет басталмай тұрғанда (2019 […]

Анталияның тарихи ауданы Финике табиғи сұлулығымен, дәмі тіл үйіретін тағамдарымен және тіршілік ағысының баяулығымен Халықаралық Gittaslow қауымдастығының назарына ілікті. Аталған ұйымның мәлімдеуінше, Түркияда адамдар асықпай өмір сүретін 22 баяу қала мен аудан бар. Үш жылдан астам талпыныс пен кеңестің нәтижесінде Анталияның сүйікті қалаларының бірі Финике қоршаған орта, инфрақұрылым, қалалық өмір сапасы, әлеуметтік келісім және қонақжайлылық […]

Жұмыс барысында Стамбұл қаласына жол түсті. Жүз естігенше, бір көрген артық деген. Бұл саяхаттың негізгі мақсаты – әсем шаһардың көрікті жерлерін аралап, тарихына қанығу. Алғашқы барған нысан – Сұлтанахмет немесе Көкмешіт. Бүгінде Түркияның символына айналған, әлемнің сәулет өнеріндегі ұлы туындылардың бірі – бұл мешіт ЮНЕСКО-ның мұралар қорына енгізілген. Көк мешіт 1616 жылы Византия королі өмір сүрген қамалдың орнына салынған, құрылысы жеті жыл […]

Халықаралық конгресс және конференция қауымдастығы (ICCA) және Қауымдастық және конференция форумы (AC) бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда өтеді. 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына басқосу өтеді. Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығы (ICCA) және қауымдастықтар мен конференциялар форумымен (AC) бірлесіп ұйымдастырылатын […]

Бүгінгі таңда біздің елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Соңғы 10 жылда бүкіл әлемде және Қазақстанда зағип балалардың саны бірнеше есе өсті. Әлемнің дамыған елдерінде балалардың дамуындағы ерекшеліктер ауру ретінде емес, жағдай ретінде қабылданады және сәйкесінше олар ерекше балалармен жұмыс жасаудың медициналық моделінен білім беру моделіне көшті.  Инклюзивті білім беруді […]