
Енді ата-аналар Mektepmenu цифрлық қызметі арқылы сабақта жүрген балаларының тамақтануын бақылай алады.
Жаңа технологиялардың дамуымен және барлық процестің цифрландырылуына байланысты еліміздегі мектептердегі тамақтану жүйесіне де өзгерістер керегі анық. Бүгінде ата-аналар көбіне балаларының мектепте не жейтінін, мәзірде не барын білмейді және өнімнің сапасы мен қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты ала алмайды. Кері байланысалып, бақылау мүмкін емес. Осы мәселені реттеу мақсатында Kundelik білім беру платформасы жаңа MektepMenu қызметін іске қосты. Ата-аналар балалары мектепте не жейтінін қадағалап, қалған қажетті ақпаратты көре алады.
Енді сіз MektepMenu қызметін Halyk банктің мобильдіқосымшасы арқылы пайдалана аласыз. Kundelikплатформасымен интеграцияның арқасында қызметке кіруқосымша авторизациясыз жүзеге асырылады, ал бұл бүкілпроцесті айтарлықтай жеңілдетеді.
«Біз Halyk қосымшасымен барлық клиенттерімізге пайдалы қызметтерді ұсынуға ұмтыла отырып, оның қызметтерін кеңейтіп отырамыз. MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңа сервис клиенттік тәжірибені жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз және ата-аналарға балаларының мектепте сапалы және дұрыс тамақтанатынына сенімділік береді», — деді Halyk басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.
MektepMenu қызметі ата-аналарға мектеп асханасы мен буфетмәзіріне, соның ішінде тағамдардың құрамына, порция мөлшеріне және бағасына толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қызмет сізге тамақтану сапасын жақсарту бойынша пікірлер мен ұсыныстар қалдыруға, сондай-ақ баланың мектеп асханасына барғаны туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді. Баласында аллергиясы бар ата-аналар үшін аллергиялық реакцияларды тудыратын өнімдерді көрсету функциясы дабар. Бұдан басқа, балалары тегін тамақ алатын ата-аналар (1-4 сынып оқушылары және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар) баласының тамақтанғаны және мектеп асханасына барғаны туралы хабарлама алады.
Еліміздің оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақ ала алады.Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 162 млрд теңге бөлінді.
Kundelik платформасының мәліметінше, мектеп оқушыларының 2-3%-ы науқастану немесе басқа да себептермен күн сайын сабақтан қалады, бірақ бұл тамақтанужүйесінде әрдайым көрінбейді екен.
Егер бір балаға тегін ыстық тамақтың орташа құны жалпыбюджеттен есептелетінін ескерсек, әлеуетті үнемдеу жыл сайын 3,24 млрд теңгеден 4,86 млрд теңгеге дейін жетуімүмкін.
Осылайша, MektepMenu мектептегі тамақтанудыұйымдастыру процесін автоматтандырады, оның ашықтығын айтарлықтай арттырып, ыңғайлы және тиімді бақылау құралын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бюджеттің артықшығындалу қаупін азайтады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде Halyk оқушылар арасында сауаттылықты арттыруға бағытталған Kundelik-пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Осылайша, өткен жылдан бастап оқуға деген ынтаны арттыруүшін Halyk Kundelik-пен бірлесіп оқушылардың үлгерімін ынталандыратын түрлі бастамаларды іске асыруда.
2024-2025 оқу жылының қыркүйегінен бастап «Үздік бағаларүшін бонустар» бағдарламасы одан да қызықты ынталандырулармен басталды. Енді 5-11 сынып оқушыларында 10 балл үшін 100 бонустан басқа, Halyk—тан100 мың бонустың ай сайынғы ұтыс ойынына қатысумүмкіндігі бар.