«Digital Temirtau» жобасы Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Қорған-М» ҚБ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржылық қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды азаматтық қоғам арқылы әлеуметтендіру және жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Жоба аясында 20 шағын грант берілді: Түркістан облысында 10, Қарағанды облысында 5 және Шымкент қаласында 5. Қызықты жобалардың бірі туралы толығырақ мақалада оқыңыз.
Негізгі мақсаты: Мемлекеттік онлайн-қызметтерге қол жеткізуді және интернет-ресурстарды пайдалана білуді жылдам қамтамасыз ету үшін Теміртау қаласының мүгедектігі бар адамдардың цифрлық сауаттылығын оқыту.
Жоба аясында Теміртау қаласының мүгедектігі бар тұлғалары цифрлық сауаттылық, электрондық үкімет порталдарын және басқа да маңызды онлайн-ресурстарды пайдалану бойынша оқудан өтуге мүмкіндік алды. Осы оқытудың арқасында нысаналы топтар үйден шықпай-ақ электрондық порталдар арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға өтінім бере алады, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өз қажеттіліктерін ескере отырып, оңалтудың тиісті құралдарын, көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдай алады, сондай-ақ тауарды жеткізу түрін (алып кету немесе поштамен жеткізу) көрсете алады және жеке оңалту бағдарламаларының толық орындалғанға дейін өз өтінімінің мәртебесін қадағалай алады. Осы қызметтердің және оларды пайдалану дағдыларының арқасында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар қызметіне келіп, құжаттарды қағаз түрінде ұсынудың қажеті жоқ.
Сондай-ақ, интернет-қауіпсіздік, электрондық поштаны ашу, ЭЦҚ алу сияқты тақырыптарға арналған сабақтар мен семинарлар өткізілді. Теориялық бөлімді сәтті игергеннен кейін жобаға қатысушылар алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде бекітті.
Ұзақ мерзімді перспективада жоба Теміртау қаласында цифрлық теңсіздікті қысқартуға, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және экономикалық интеграциясын арттыруға ықпал ететін болады. Жобаны Әлі Балжанның бастамашыл тобы жүзеге асыруда.
«Корган-М» Қоғамдық бірлестігі