Түркістан облысының орталығында өткен «Алтын күз-2021» мерекелік шарасында ауыл шаруашылығы саласының жұмыстары қорытындыланып, ерте көктемнен қара күзге дейін тер төккен шаруалардың еңбегі еленіп, марапатталды. Аталмыш шарада Сарыағаш ауданы үш номинация бойынша үздік аудан атанды. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу», «Жұмыртқа өндіруден» және «Құс басын ұлғайтудан» облыста мол өнім жинап, еліміздің экономикасына орасан зор пайда келтірді. […]
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тәуелсіздік жылдарындағы аудан мен қаланың өзгеру тарихын, жетістіктерін көрсету мақсатында «Кеше және бүгін» фотокөрмесі өтті. Байқаудың мақсаты — Сарыағаш ауданының 1991-2021 жылы аралығындағы жетістіктері мен аудандағы тарихи маңызы бар оқиғалары мен іс-шараларынан тарихи суреттердің фотокөрмесін жасау арқылы тәуелсіздік жылдарындағы аудан тарихын көпшілікке таныстыру, жас ұрпаққа кеңінен насихаттау және қатысушыларды […]
Аталмыш іс-шараға аудандағы Қапланбек жоғары аграрлық -техникалық колледжі, «Арыстанбаб» жоғары колледжі, №12 колледжі, Абу Али Ибн Сина медициналық колледжі, Сарыағаш медресе колледждерінің студенттері спорттың тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ләңгі тебу, волейбол, кіші футбол, арқан тарту, кір тасын көтеру түрлерінен сынға түседі. Екі күнге созылған лига аудан аумағындағы №2, №4 спорт мектептерімен Қапланбек жоғары аграрлық -техникалық колледжінің […]
Құқықтық база кез келген саланы мемлекеттік реттеудің негізі болып табылады. Сондықтан ғылым саласында орын алған мәселелерді шешу үшін Мемлекет басшысы жылдың соңына дейін «Ғылым туралы» заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырған болатын. Атап айтсақ, ғалымдардың жалақысын базалық қаржыландыруға қосу, іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми институттарды тікелей қаржыландыру тетігін енгізу, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту, Ұлттық […]
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дәстүрлі «Музейге сый» акциясы өтті. Тарихы атақты Әмір Темірден бастау алатын акцияға 50-ге жуық құнды мұралар тапсырылды. Олардың қатарында халық арасында сақталған құнды қолжазбалар мен көне баспалар және қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар бар. -«Музейлерде жинақталған жәдігерлер қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан төл медениетінің материалдық және […]
Бүгінде қоғамда қайырымдылық жасап, елге қол ұшын созатын азаматтар көбейіп келеді. Бүгін Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Алғабас елді мекенінде көпбалалы отбасыға, яғни Нұрлан Жандарбековтың жанұясына 4 бөлмелі үйдің кілті табысталды. Аталған отбасының қуанышымен бөлісуге аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов, аудандық мәслихат депутаты Ә.Керімбекова, Құркелес ауылдық округі әкімі Қанат Иматов арнайы барып, жомарттық жасаған азаматтарға ізгі […]
НҰР-СҰЛТАНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОНЛАЙН-КОНТЕНТ ЖАСАУШЫЛАРДЫҢ V ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ 2021 жылдың 5-ші қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында QAZFORUM қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V Форумы өтеді. Форумның тақырыбы «Қазақ интернеті: бүгіні мен болашағы» аясында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтерін талқылау жоспарланып отыр. Қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мәселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар талқылайды.QAZFORUM бастамашысы және […]
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Алматы қаласындағы «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасымен танысып, тәжірибе алмасуда. Қорық-музейдегі жәдігерлердің күтіп, сақталуына жауапты қор сақтаушы Дәулетияр Адиев және суретші-реставраторлар Еділ Муташев пен Нұржан Таджибаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қабірхана бөлмесіндегі ортағасырлық есікті реставрация жасау жұмыстарына қатысты. -«Есіктің реставрация, консервация жұмыстары жәдігердің зақымдалу дәрежесіне қарай бес немесе алты кезеңнен […]
Қызыл Жарты Ай волонтерлері Павлодар облысында дала жаттығуларын өткізеді. «Қауіпсіз өмір» жобасы аясында 2021 жылдың қазан және қараша айларында Павлодар облысының Қызыл Жарты Ай волонтерлері облыстың 10 ауданы мен 3 қаласында төтенше жағдайларды ликвидациялау және апат қаупін азайту бойынша іс-шараларды іске асырады. Волонтерлер тұрғындармен ықтимал қауіп-қатерлерді бағалауды жүргізеді, аумақтардың қауіп-қатер карталарын жасайды, төтенше жағдайлар кезінде […]