Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп, 2022 жылдың 8-шілдесінде «Шындық сүйген шайыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Шараға мерейтой иесі Қазақстанның Халық Жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов қатысты. Конференцияның ашылу сөзінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғылым докторы, […]

    Кез келген қоғамдағы өзгерістердің конституциялық негізі болмаса, ол өзгерістердің тиімді жүзеге асуы мүмкін емес. Сондықтан ел Президенті Конституцияға енгізілетін түзетулерді халықтың дауыс беруіне шығару туралы шешім қабылдады.     Парламенттің қос палатасы тепе-теңдік жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады. Шұғыл жағдайда шұғыл заң қабылданады. Яғни, Парламент өз Палаталарының бірлескен отырысында халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, […]

Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Ақниет елді мекеніндегі «Ардагерлер саябағында» «7- мамыр Отан қорғаушылар күні» және «9-мамыр Ұлы Жеңістің 77 жылдығы» мерекелері кең көлемде аталып өтілді. Мерекелік іс-шараға жиналғандар Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына құран бағыштады. Мерекелік іс-шараға Құркелес ауылдық округінің әкімі Қ.Иматов, аудандық мәслихат депутаты Ә.Керімбекова және Құркелес […]

Қостанай қаласында Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен 2022 жылдың 27-28 сәуірінде «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өтуде. Шараға Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймағынан арнайы сауалнама арқылы алдын ала іріктеуден өткен 30 журналист қатысып жатыр. Журналистердің жол, тамақ, қонақүй шығыдары Түркітілдес журналистер қоры өтейді. БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған […]

Түркістан облысы республика бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан эпидемиологиялық қауіпті аймақтар қатарына жатады. Сондықтан биыл жоспар бойынша өңірдегі 85 елді мекенде санитариялық қорғау аймақтары құрылып, залалсыздандыру жұмыстары қолға алынады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының бас санитариялық дәрігерінің орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді. «Өткен жылы облыс аумағында конго-қырым қанды безгегімен 4 науқас ауырған. Салдарынан 1 азаматтың қайтыс […]

      Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын тәмсіл-ғұрыптар жеткілікті. Жоғарыда айтылған даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы бар екенін көрсетіп тұрғандай.      Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. […]

«Айқын» газетінің сайтында «Алматыдағы «Алтын орда» базары таратылды» деген ақпарат жарияланды (https://stan.kz/almatidagi-altin-orda-bazari-taratildi-359201/?utm_medium=referral&utm_source=lentainform&utm_campaign=stan.kz&utm_term=1245878&utm_content=9963553). Мұнда мынадай жолдар бар: «Сот құжатына сәйкес, ЖШС ұзақ уақыт бойы салық заңнамасында көзделген міндеттемелерді орындамаған. Алайда сот отырысына компания өкілі қатысқан жоқ. Осылайша, сот талап арызды қанағаттандыруға шешім қабылдады. pk.adata.kz. ақпараты бойынша «Алтын Орда базары» ЖШС 2022 жылдың 24 қаңтарында таратылды».  «Алтын орда» базары Алматы […]

(немесе ғасырға жуықтаған ауыл) Бесігім еді ауылым,Әлдилеп мені тербеткен.Бар ойын, күлкі, сауығым, Бал кезім, нәрім сонда өткен – деп басталатын Еркебұлан Серімханұлының өлеңінің оқығанда кіндік қан тамған ауылды сағынып, әр қыры мен сыры еске келеді.     Қызмет бабымен туған ауылдан жырақ кетіп, бүгінде ауылға араға жыл салып батып жатамыз. Дегенмен туған жердің бір уыс топырағыда […]

Halyk Bank Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынанзардап шеккен микро-бизнес секторындағы қарызалушыларына залал мөлшерін растаусыз бизнесті қалпынакелтіруге 1 млн теңге мөлшерінде қайтарымсыз грант бөлутуралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, банк осы санаттағы клиенттеріне 6 айға дейінгі мерзімге несие төлемібойынша демалыс береді.Онымен қоса, Halyk Bank өз клиенттері қатарына жатпайтын Алматының микро-бизнес өкілдеріне де қолдаукөрсетеді. Оларға қалпына келтіру жұмыстарына, соныңішінде […]

– Құрметті Берік Уәлиұлы, Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жарияланып жатыр. Бүгін осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасадыңыз. Тарқатып айтып берсеңіз. – Иә, Президенттің шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер көбейіп кетті. Осыған байланысты бүгін арнайы мәлімдеме жасау қажет деп санадым. Себебі Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекетіміздегі ең жоғары […]