Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті көшпелі мәжілісін Сарыағаш ауданында өткізді. Шипажайы мен құнарлы жерімен, еңбекқор тұрғындарымен әйгілі аймақтың өткір мәселелерін ашық талқылап, ауданды дамыту жөнінде кеңесті. Өз саласы бойынша индикаторларды орындай алмай жүрген басшылар мен жауаптыларға жұмысты сапалы атқару керектігін айтты. – Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген […]
Құрметті жиынға қатысушылар! Жуырда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Үкімет қайта жасақталды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан біз нақты іс-шараларға баса мән беруге тиіспіз. Мен Парламент сессиясының ашылуында заңнамалық тұрғыдан […]
20 қарашада ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Дауыс беру үшін өзіңіздің сайлау учаскеңіздің нөмірін білуіңіз керек. Halyk Bank-тің жаңа сервисінің көмегімен 18 жасқа толған кез келген қазақстандық дауыс беруге арналған учаскенің нөмірі мен мекенжайын оңай және тез анықтай алады. Ол үшін Halyk Homebank қосымшасының пайдаланушысы болу керек. Сервис Орталық сайлау комиссиясымен және ҚР Цифрлық […]
9 қазан күні Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйі «Grand Palace» залында «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» деген атпен ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы өтті. Бұл туралы ttjk.info сайты жазды. «Шеврон» компаниясы мен “Түркітілдес журналистер қоры” қоғамдық қорының біріккен жобасы халықаралық деңгейде өтті. Форумға Ұлыбритания, Италия, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен спикерлер келіп, түркі бірлігі, медиасы, ақпараттық ықпалдастық туралы сөз […]
ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР! 2022 жылғы 20 қараша Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі Сіздің сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады. Тізімдерді дауыс беруге арналған нақты учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жасайды. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тізімдерге олардың орналасқан жері […]
Қазақстан – 2022 жылғы 28 қыркүйек – “Шеврон” корпорациясы өз филиалы “Шеврон Мұнайгаз Инк.” (бұдан әрі – Шеврон) компаниясы арқылы және QazaqGaz ҰК АҚ (бұдан әрі – QazaqGaz) энергияға ауысу бастамаларына және Қазақстандағы газ стратегиясын дамыту аясындағы ынтымақтастықты қарастыру үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қол қойғаны жөнінде мәлімдеді.Меморандум газды пайдалану […]
2022 жылы 28 қыркүйекте Алматыда KIOGE конференциясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс адами капиталды дамыту және қазақстандық мамандармен білім мен тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім Қазақстанның мұнай-газ секторы мамандарының кәсіби дамуы мен тәжірибе жинақтау мәселесінде ынтымақтастықты көздейді. Ол бойынша, «ҚазМұнайГаз» […]
2016 жылғы 15 шілде күні кешке «Фетуллахшы террор ұйымы» (FETO) елімнің халқы мен үкіметіне қарсы қанды төңкеріс әрекетін бастады. Олардың мақсаты – өздерінің басшысы Фетуллах Гүленге ғана адал, радикалды әрі фундаменталистік режим орнату болды.FETO-ға қатысы бар армия бөлімдері Ыстамбұлдағы Босфор көпірі сияқты маңызды жерлерді басып алу үшін казармаларын тастап кетті, соғыс ұшағы мен шабуылдау тікұшақтары […]
Түркістанға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев іссапармен келіп, зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен кездесті. Оған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те қатысып, саяси науқанды саралады. «Farab» кітапханасында өткен жиында алдағы саяси науқанның мән-маңызы сарапталып, енгізілетін өзгерістердің халыққа берер нақты пайдасы сөз болды. Алқалы жиында Мәулен Әшімбаев алда келе жатқан саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, референдум […]
Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін Референдумды қоғамдық қолдау мақсатында 1 515 түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылып, 134 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Бұл туралы брифингте Қоғамдық штаб жетекшісі Қайрат Балабиев мәлімдеді. «Бүгінде облыста Ел Президентінің Референдум өткізу жөніндегі баршамыздың алдымызға қойып отырған міндетін жүзеге асыру мақсатында облыста екі штаб құрылды. Оның бірі – облыстық Қоғамдық штаб, екіншісі […]