ҚР Орталық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Жапар сұлтан. Құжаттары мен материалдары» атты құжаттар жинағының таныстырылымы өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ тарихын зерттеуде архив құжаттарын пайдаланудың маңыздылығын кеңінен насихаттау, ұзақ жылдар бойы зерттеушілер назарынан тыс қалған тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметімен таныстыру, ұлт тарихының «ақ таңдақ парақтарын» толықтыру.  Осы мақсатты жүзеге асыру барысында қалың оқырманды ұлт-азаттық күрестің […]

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ведомствоның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын жариялады.Іс-шараға Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ҚХА, ҮЕҰ, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысты. «Министрлікті құру барысында, Мемлекет басшысы Үкімет алдына ауқымды міндеттер қойды. Атап айтқанда, бәсекеге қаблетті, жаһандық контексте бірегей мәдениетін сақтаған ұлттық болмысымызды […]

Алқа мәжілісінде бірінші болып сөз алған Ермек Маржықпаев ел абыройын асқақтатар елеулі саланы дамыту, спортқа бейім, бәсекеге қабілетті бірегей ұлт, салиқалы ұрпақ қалыптастыру – әрқайсымыздың борышымыз екенін атап өтті. «Министрлік алдында бұқаралық спортты дамыту мен жоғары жетістіктер спортын жетілдіруде ауқымды жұмыстар тұр. Бұқаралық спорт саулығымызды нығайтуға бағытталса, үлкен жетістіктерге жетелейтін спорт – елдің оң имиджін […]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлт саулығының кепілі-бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.   Бұқаралық спортты дамыту бойынша Жетісу облысында да игілікті істер қолға алынды. Өткен жылы облыстық бұқаралық — спорттық іс-шараларды өткізу орталығы құрылған еді. Бұл күндері барлық аудан орталықтарында да аталмыш мекеменің филиалдары жұмыс істеуде. Ал, облыстағы барлық елді-мекендерде арнайы штаттық кестеге орай, […]

Жиынға Алматы қаласы әкімі аппараты, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы Әділет департаменті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласының Адвокаттар коллегиясы мен Алматы қаласының Нотариалды палатасының өкілдері қатысты. Диалогтық алаңда Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түсетін адвокаттар мен нотариустардың […]

Бүгін Алматыда өткен салтанатты іс-шарада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыс етті. Іс-шараға белгілі ақындар мен жазушылар, мәдениет қайраткерлері қатысты. «Әдебиет – ұлттың жаны. Ол әрдайым халықпен бірге үздіксіз дамып отырады. Шығармашыл тұлғаның қаламынан қашалып шыққан туынды қай кезде де әлемдік контекстегі ұлттың ерекшелігін танытатыны сөзсіз. […]

Бүгін Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Ескерткішті Алматы қаласының әкімдігі Мұстафа Кемалдың құрметіне өткен жылы ашылған «Ататүрік скверінде» орнатты. Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, түрік диаспорасы мен […]

Биыл Түркі мемлекеттері ұйымының туризм саласы бойынша отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атағын беру туралы бастама қолдау тапқан еді. Жиында Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды тарихтан келешекке бағыт алған түркі халықтарының мәдени және рухани мекенінің жылдан жылға түрленіп жатқанын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырғанын атап өтіп, […]

«Түркістан таланттары» жобасы аясында Сарыағашта қаламгерлермен кездесу өтті

Сарыағаш ауданында «Түркістан таланттары» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті.  Кеш кейіпкерлері – өлкемізге белгілі ақындар Мұрат Бекей және шәкірті Сұлухан Мыңбаева. Мазмұнды кездесуде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым модераторлық етті. Қонақтарға арнайы жасақталған «Құт қонған Саялы Сарыағаш» кітап көрмесі таныстырылды. Кешті Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және […]

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы архив жұмысы оңтайланады. Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш пен «Узархив» агенттігінің директоры Ұлықбек Юсупов архиваралық байланысты нығайту, түрлі зерттеу жұмыстары үшін өзбекстандық архивте мүмкіндік қарастыру, құжаттамалық мәселелерді оңтайландыру тағы да басқа маңызды мәселелер бойынша өзара келісім құжаттына қол қойды. Еліміз үшін […]