9 маусымда жазушы Төлен Қаупынбаевтың үш тілде жарық көрген «Райымбек батыр» кітабының тұсауы кесілді. Кітап «Tamos Education» ЖШС қолдауымен жарық көрді. Бүкіл әлем Райымбек бабаны танысын дедік Дәурен Қаупынбаев Қазақстандағы ең ірі жекеменшік мектептер желісі TAMOS Education мен Prometheus SCHOOL негізін қалаушысы «Райымбек бабамыз бүкіл қазақ халқының батыры ғана емес, ол әулие-әнбие, заманауи тілмен айтқанда […]

Бір топ Гарвард студенттері ел тарихымен, мәдениетімен және қазіргі экономикасымен жақынырақ танысу үшін Қазақстанға келді. Олар белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей құрған компанияда болып, менеджменттегі қазақстандық трендтермен, даму стратегияларымен және бизнестегі инновациялық тәсілдерімен танысты. Қонақтар ұжымның жоғары кәсібилігін, қарқынды өсуін және бірінші кезекте қазақстандық бизнес саласын дамытуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. “TAS Group әлемдік нарықта […]

Бүгінгі таңда біздің елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Соңғы 10 жылда бүкіл әлемде және Қазақстанда зағип балалардың саны бірнеше есе өсті. Әлемнің дамыған елдерінде балалардың дамуындағы ерекшеліктер ауру ретінде емес, жағдай ретінде қабылданады және сәйкесінше олар ерекше балалармен жұмыс жасаудың медициналық моделінен білім беру моделіне көшті.  Инклюзивті білім беруді […]

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Атырау облысына жұмыс сапары аясында Абай атындағы оқушылар сарайына келіп, ондағы JasSpace STEAM орталығының жұмысымен танысты. Оқушылармен кездесіп, балалар жасаған STEAM жобалармен, роботтар прототиптерімен танысқан елші Дэниел Розенблюм JasSpace – уақытпен санаспай атқарған үлкен еңбектің жемісі екенін атап өтті. Және STEAM орталықта атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. Қазіргі […]

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті. Байқау барысында тұлғалардың ғұмыры мен еңбектерін насихаттаудағы мәліметтер талданып, шығармашылық тұлғасы жан-жақты ашылып, көздеген мақсатымыз орындалды. Алматы қаласындағы 30 мектептің ішінен, ең үздік 5 мектеп танылып, бақ сынасты. 7-8 сынып оқушылары жақсы дайындықпен келіп, ақшалай жүлдемен марапатталды. Шара […]

Алматы, Қазақстан, 2022 жылғы 27 желтоқсан – «Алмалы кітапхана» кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған “Тау мен дала елінің құпиясы” атты балалар кітабының тұсаукесері және оқылуы өтті. Шараға жинақ авторлары мен танымал қоғам қайраткерлері қатысты. “Дала сыры, тау жыры” кітабы – Étage дизайн студиясы “Шеврон” компаниясымен серіктестікте құрған әлеуметтік жобасы. Қазақ және орыс тілдеріндегі бүкіл тираж […]

Атырауда 600-ден астам оқушы STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика) тегін білім беру бағдарламасын аяқтады. Курс Абай атындағы Оқушылар сарайында орналасқан JasSpace кеңістігінде өтті. Білім беру кеңістігі «Шеврон» компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қорының JasSpace:»Атырау жастарын дамыту бастамасының бөлігі» ретінде жұмыс істейді. JasSpace мынадай бағыттар бойынша тегін курстар ұсынады: анатомия, химия, робототехника, техникалық ағылшын тілі, […]

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Лингвистикалық орталығының Алматыда бөлімшесі ашылды. Түрік тілі курсын түркиялық лингвист маман жүргізеді. Әрбір 80 сағаттық курстан кейін қатысушыларға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Лингвистикалық орталығының арнайы сертификаты беріледі. 1 курс ақысы – 20 мың теңге. Өтініш беру үшін афишадағы QR арқылы сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Байланыс үшін: +77029099399

Алматыда Young Citizen Scientists оқушыларға арналған жобаның финалы өтті. Алматы, 2022 жылғы 29 қыркүйек – бүгін Алматықаласының Бас ботаникалық бағында «Шеврон»компаниясымен серіктестік аясында American Space Almaty (Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының жобасы) ұйымдастырған жобаның қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттаудың соңғы рәсімі өтті.   «Young Citizen Scientists» («Жас ғалымдар мектебі») жобасы ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, Алматы қ.БББ Ботаника және Фитоинтродукция институтының 90 жылдығына орайластырылды. […]

Бүгін (13-қыркүйек) Қ.А. Яасауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ағылшын тіліндегі «The Wisdom of the Great Steppe» және екі томдық «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» кітаптарымыздың таныстырылымын өткіздік. Іс-шараға қатысып, лебіз білдіріп, ой бөліскен барлық қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз. Ағылшын тілінде Түркияның астанасы Анкара қаласында жарық көрген «The Wisdom of the Great Steppe – Abai […]