«AYALA» қайырымдылық қоры балаларға көмек көрсету үшін денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады.
Балалар — қордың барлық жобалары мен бағдарламаларының басты бенефициарлары, қор олардың өмір сүру сапасын сақтауға және жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік бейімделуге және білім алуға көмектесуге бағытталған.
Олар қайырымдылық бағдарламаларына қаражат жинауды ұйымдастырады, олар мынадай бағыттарда өткір әлеуметтік проблемаларды шешуге көмектеседі:
• Қазақстанда сәбилер мен балалар өлімін және мүгедектігін қысқарту
• Қазақстанның балалар ауруханаларының, перинаталдық орталықтарының және перзентханаларының дәрігерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көмек көрсету
• Қазақстандық балалар үйлері мен мектеп-интернаттарға, оның ішінде тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдарлау саласында көмек көрсету
• Көру, есту, ментальды кемістігі бар мүмкіндігі шектеулі балаларға түзеу арқылы оқытуда және әлеуметтік бейімделуде көмек көрсету
«AYALA» қайырымдылық қоры Қазақстанда 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қор Қазақстанда жұмыс істейтін ірі компаниялардан демеушілік көмек ретінде, сондай-ақ жеке тұлғалардан қайырымдылық қаражаты түрінде 3,3 млрд. теңгеден астам қаражат тарта алды. Бұл қаражатқа еліміздің 66 қаласы мен елді мекендерінде 242 мемлекеттік балалар денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне көмек көрсетілген.. «Тыныс ал, балақай», «Өмір сыйлайық», «Мен де өмір сүргім келеді» сынды жобалардың арқасында он мыңдаған балалар өмірі құтқарылды. Балалар үйлері мен мектеп интернаттарының мыңдаған тәрбиеленушілері әлеуметтік бейімдеуден өтіп, болашағына қажет және мамандықта пайдалы дағдыларды үйренуге көмек алды.
Максимова Назерке – Медиажурналистика 4 курс
Written By
baxon_477_vm7u1zf1
Categories: