Енді ата-аналар Mektepmenu цифрлық қызметі арқылы сабақта жүрген балаларының тамақтануын бақылай алады. Жаңа технологиялардың дамуымен және барлық процестің цифрландырылуына байланысты еліміздегі мектептердегі тамақтану жүйесіне де өзгерістер керегі анық. Бүгінде ата-аналар көбіне балаларының мектепте не жейтінін, мәзірде не барын білмейді және өнімнің сапасы мен қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты ала алмайды. Кері байланысалып, бақылау мүмкін емес. Осы мәселені реттеу мақсатында Kundelik білім беру платформасы жаңа MektepMenu қызметін іске қосты. Ата-аналар балалары мектепте не жейтінін қадағалап, қалған […]
Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар — елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу. Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке білімді жастарды тарту үшін бірқатар шараларды қабылдауда. […]
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда. Осы орайда, Қазығұрт ауданының тұрғындарының арызы негізінде, аталған шағымдарды жан-жақты, […]
Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №71 жалпы білім беретін мектебі ұлттық тәрбиеге айырықша көңіл бөліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ерекше бастама көтерді. Мектеп ұстаздары оқушылардың қоңырау уақытын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында ерекше әдіс енгізді. Бұл – ұлттық тәрбиеге негізделген асық ойнау дәстүрі. Мектеп директоры қоңырау уақытында балалармен асық ойнап, ұлттық ойындарды қайта жаңғыртуда. Аталмыш бастама […]
Түркияның екі континентті қамтитын керемет мегаполисі Стамбұлда Жаңа жылды ғашықтар үшін ұмытылмас күн ету үшін барлығы бар. Босфор туры, Ханзада аралдарына серуендеу, қаланың тарихи мұнараларында ұмытылмас сәттер сыйлау, Мишлен жұлдызды мейрамханалардағы романтикалық кешкі ас немесе шатырдағы кеш болсын, барлық іс-шаралар қаланың әсемдігін көрсетеді. Жаңа жылдық романтикалық сапарыңызда қалада сізді не күтіп тұрғанын көрейік. Нағыз қала […]
Түркияның туристік астанасы Анталия жазғы демалыс орны ретінде әлемде беделге ие, бірақ қыс мезгілі де ұмытылмайтын өмірлік тәжірибе. Осы қыста Санта-Клаус туып-өскен және аңызға айналған елдерде Анталияны зерттеп көріңіз. Аяз атаның туған жері Анталияның Демре аймағы келушілерге не уәде ететінін көрейік. Жақсылыққа берілген жүрек4 ғасырда дүниеге келген Әулие Николай (Аяз ата) Ликияның атақты Патара қаласында […]
«Digital Temirtau» жобасы Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Қорған-М» ҚБ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржылық қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды азаматтық қоғам арқылы әлеуметтендіру және жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Жоба аясында 20 шағын грант берілді: Түркістан облысында 10, Қарағанды […]
Алматыда «Жас Қанат. Балалар-2024» атты екінші республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтті. «Азия Дауысы» халықаралық фестивалінің Қоғамдық қоры ұжымы қала әкімдігіне балалар байқауын оңтүстік астанада өткізу идеясына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Айта кетейік, бұл байқау – әлеуметтік жоба. Көрермендерге арналған билеттер де, қатысушылар үшін де байқауға қатысу тегін болды. Биыл конкурсқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды балалардан […]
Алматыда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқау биыл үшінші рет өткізілді. Лауреаттарды құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлестері үшін жазушыларға ризашылығын білдірді. – «Айбоз» әдеби сыйлығы – сөз өнерінің майталмандарын дәріптейтін, олардың шығармашылығын елге танытатын ерекше сыйлық, – деді […]
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара «Архив-2025» жобасы аясында шетелдердегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында жасалған жұмыстарды талқылауға арналды. Конференцияға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері республикалық және өңірлік мемлекеттік архивтердің қызметкерлері, тарихшылар қатысты. […]