Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Сарыағаш өңірі шекара маңындағы аумаққа айналып, кейіннен ауданда шекара бөлімшелер орналасады.

Әскери қызметшілер арасында заңдылықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 4 қыркүйектегі №247/6 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының) Сарыағаш қаласында Сарыағаш гарнизонының әскери прокуратурасы құрылған. Оның тарихы прокуратура органдарының жалпы дамуымен және қалыптасуымен тығыз байланысты.

Гарнизон әскери прокуратурасының қадағалау саласына Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Келес және Сарыағаш аудандарында орналасқан Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелері, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдары кіреді.

Әскери прокуратура құрылған алғашқы жылдары Сарыағаш гарнизонында көптеген шешілмеген мәселелер болған.

Негізгі проблемалардың бірі шекара маңындағы учаскелерде тұрақты түрде контрабанда тасымалдау және заңсыз көші-қонға жол беру фактілері болып табылған.

Тек әскери прокуратураның үйлестіруші рөлінің арқасында контрабандаға және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы күшейтілді.

Мемлекеттік шекараны күзету қағидаларын бұзудың алдын алуға және оларға жол бермеуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кезең-кезеңімен жүргізіліп, нәтижесінде жергілікті халық арасында құқық бұзушылықтарға төзбеушілікті қалыптастырады.

Әр адам құқығының талапқа сай қорғалуы мен бостандығының сақталуы осы жарқын істеріміздің жасампаздығы үшін өте қажет. Ал бұл тұрғыдан алғанда, азаматтардың өтініштерін қарау, сондай-ақ Конституцияда бекітілген құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Прокуратураның құқық қорғау міндеті Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 7-бабында көрсетілген. Оған сәйкес прокуратура органдары заңдарда белгіленген тәртіп пен заң бұзушылық жөніндегі арыздарды қарап, адамның және азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жойып, құқықты қалпына келтіру шараларын қолданады.

Бүгінгі таңда, Сарыағаш гарнизоны әскери прокуратурасы Қазақстан Республикасының армиясында қылмыстарды барынша азайту және кезең-кезеңімен жоюды басты міндет етіп қойып отыр.

Сонымен қатар, гарнизонның прокуратурасында тәулік бойы «8 (72537) 23529 сенім телефоны» жұмыс істейтінін хабарлаймыз, оған Сізге белгілі болған әскери қызметшілерге қатысты кез келген заң бұзушылықтар, оның ішінде әскери қызметшілер тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар бойынша хабарласуға болады.

Ғ.О.Төребаев,

Сарыағаш гарнизонының әскери прокуроры