Written By admin
Categories:

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАРШАҒА ҚАЖЕТ

Бүгінде интернет алаяқтар көбейіп кетті. Әртүрлі айла-тәсілмен сенімге кіріп алаяқтықпен қаржыңызды сыпырып алуда көптеген азаматтың.

Бірі банк қызметкерімін десе, бірі сол сияқты мекемелердің атын жамылып жұмыс жасайды. Телефоныңызға келген смсті сұрап жатады.

Алайда, банк қызметкері ешқашан сізге келген смсті сұратпайды. Егер сізге сондай хабарлама не хабарласып жатса, әр банктің ресми байналыс нөмірлерлеріне болмаса банк бөлімшесіне барғаныңыз жөн.

Күні кеше Түркістан қаласында “ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ” семинар-тренингте Halyk Bank Түркістан филиалының директоры Артур Тасқарин мен командасы айтып берді.

Сонымен қоса Халық банкінің акциялары, әлеуметтік бағыттағы жобалары, Интернет алаяқтық түрлері мен оның жолдары, халықтың қаржылық сауатын арттыру жайлы кеңінен әңгімелеп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Семинарға қатысушы журналистер нәтижесінде қаржылық сауаттылыққа қатысты материалдар дайындап, “Еркін сөз”-2024 байқауында бақ сынайды.

Айта кетейік, Бұл — Түркітілдес журналистер қорының «HALYK BANK” серіктестігінде өткізіп жатыр.

Қордың президенті Нәзия Жоямергенқызы.

#түркітілдесжурналистерқоры#фондтюркоязычныхжурналистов#turkdilikonuşangazetecilervakfı#turkicspeakingjournalists

#халықбанк# #halykbank#ШымкентХалық#HalykShymkent#Шымкентсеминар#фишинг#қаржылықсауат