Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы бастаған делагация Түркияның екі бас қаласы Анкара мен Ыстамбұлға барып, маңызды кездесулер өткізді. Соның ішінде заманауи құрылғылармен жабдықталған Башкент ауруханасына барды. Биыл құрылғанына 10 жыл толып отырған Түркітілдес журналистер қоры делегациясының 6 күнге созылған сапары Анкара қаласынан басталды. Әуелі Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) бас хатшысының […]