Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы бастаған делагация Түркияның екі бас қаласы Анкара мен Ыстамбұлға барып, маңызды кездесулер өткізді. Соның ішінде заманауи құрылғылармен жабдықталған Башкент ауруханасына барды. Биыл құрылғанына 10 жыл толып отырған Түркітілдес журналистер қоры делегациясының 6 күнге созылған сапары Анкара қаласынан басталды. Әуелі Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) бас хатшысының […]

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіби даярлық бөліміне әскерге шақырылған жас жігіттердің алғашқы легі келді. Жылдағы дәстүрмен, аталған бөлімнің бастаға подполковник С.Әуезов бастаған офицерлер мен сержанттар құрамы қақпадан алғашқы болып кірген 40-қа жуық бозбаланы бауырсақпен қарсы алды. Қаладан оншақты шақырым жердегі облыс орталығы Димаш Қонаев […]