Бүгін Алматыда өткен салтанатты іс-шарада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыс етті. Іс-шараға белгілі ақындар мен жазушылар, мәдениет қайраткерлері қатысты. «Әдебиет – ұлттың жаны. Ол әрдайым халықпен бірге үздіксіз дамып отырады. Шығармашыл тұлғаның қаламынан қашалып шыққан туынды қай кезде де әлемдік контекстегі ұлттың ерекшелігін танытатыны сөзсіз. […]

Бүгін Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Ескерткішті Алматы қаласының әкімдігі Мұстафа Кемалдың құрметіне өткен жылы ашылған «Ататүрік скверінде» орнатты. Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, түрік диаспорасы мен […]