Бүгін Алматыда өткен салтанатты іс-шарада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыс етті. Іс-шараға белгілі ақындар мен жазушылар, мәдениет қайраткерлері қатысты. «Әдебиет – ұлттың жаны. Ол әрдайым халықпен бірге үздіксіз дамып отырады. Шығармашыл тұлғаның қаламынан қашалып шыққан туынды қай кезде де әлемдік контекстегі ұлттың ерекшелігін танытатыны сөзсіз. […]

Бүгін Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Ескерткішті Алматы қаласының әкімдігі Мұстафа Кемалдың құрметіне өткен жылы ашылған «Ататүрік скверінде» орнатты. Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, түрік диаспорасы мен […]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне толыққанды стратегиялық HR институтына айналу міндетін қойды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Агенттіктің 2023 жылғы жыл қорытындысы бойынша алқа отырысында Президенттің тапсырмаларын орындау шаралары туралы айтты. Агенттікпен осы бағытта тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп, […]

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2023 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Оған Президент Әкімшілігінің өкілдері, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңес, Әдеп жөніндегі комиссия, Сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі Консультативтік-сараптамалық топ мүшелері қатысты. МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай өткен жылы Агенттіктің барлық бастамалары Мемлекет басшысының мемлекеттік […]

Былтыр Түркияға 52 млн турист барыпты. Оның дені әлбетте сұлу да сырға толы Стамбулға ағылған. Мұнда бір келумен шектелуге әсте болмас. Себебі сан ғасырлық тарихтың куәгері туристерді баурай береді. Оны зерттеуге тырысасың. Өткенінен бөлек, бұл қаланың бүгіні де қызық. Осынау айрықша мекенге біз де табан тіредік.СТАМБУЛДАҒЫ ЕҢ АЛЫП ОРТАЛЫҚҚаңтардың ортасын еңсердік. Астанада сарышұнақ аяз. Бірақ, […]

Ыстамбұл дегенде, алдымен көзге Айя София мешіті елестейтіні рас. Сондықтан Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі және TGA (Түркия туризм таныту және дамыту агенттігі) ұйымдастырған баспасөз турымыздың дәл осы киелі орыннан басталуы заңдылық. Қатпар-қатпар тарихты қазыналы сандықтай бүгіп тұрған ғимараттың бүгінгі күнге қаз-қалпында жетуі таңғалдырмай қоймайды. Әйтпесе мұнда талай соғыс та, табиғи апат та болған. Ыстамбұл […]

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі және TGA (Түркия туризм таныту және дамыту агенттігі) ұйымдастыруымен бір топ журналист Түркияның Ыстамбұл қаласына сапар шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Қазақстаннан бөлек Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстаннан келген журналистер тобы үш күн бойы тарихи шаһардың көрікті жерлерін аралап, елдің туризм саласындағы артықшылықтары мен ерекшеліктері жайлы жан-жақты мәлімет алмақ. Ал […]

Жетісай ауданынан қызмет алушы (күміс алқа иегері) өзінің тұрғылықты баспанасы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеуіне байланысты тұрғын үй кезегіне тұру үшін бірнеше рет өтінішпен жүгінсе де, қызмет беруші әр-түрлі себептермен қызмет көрсетуден бас тартып отырған. Өзінің бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында аталған азаматшаМемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне арызбен жүгінген. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға […]

Жергілікті және ұлттық даму стратегиялары аясында табысты жобаларды жүзеге асырып жатқан Түркияның ғарышқа алғашқы сапарын жасауға санаулы сағаттар қалды.Президент Ердоған бастаған Ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында ұшуға дайындалып жатқан Түркия 19.01.2024 күні сағат 00.49-ды тағатсыздана күтуде.Түркия алғашқы түрік ғарышкері Альпер Гезеравжыны 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні 00.49-да Dragon ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына ұшады.2018 жылы […]

Chevron — Қазақстанға инвестиция салды

Астана, Қазақстан, 2024 жылғы 18 қаңтар – «Chevron Direct Investment Fund» Жеке компаниясы (CDIF) екі қазақстандық компаниямен инвестициялық келісім жасасқаны туралы хабарлайды. Ауқымды жұмыс жүргізгеннен кейін, 2023 жылы CDIF бизнеске арналған қызметтер маркетплейсі «Top Cleaning Kazakhstan» ЖШС (top.kz) компаниясына және «Orhun Med Limited» – Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жылдам дамып келе жатқан компаниясына 41 миллион долларға дейін инвестиция салды. Екі компания да CDIF ұсынған инвестицияға бизнестерін кеңейтуді, жұмыс орындарын ашуды және Қазақстанға жаңа технологиялар әкелуді жоспарлап […]