ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР ҚОРЫНЫҢ БАЛЫКЕСИР ЖОБАСЫ

Түркітілдес журналистер қорының Түркиядағы кезекті халықаралық жобасы басталды. Қорға мүше Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан мен Қызылорданың журналистері Балыкесир журналистер одағының шақыруымен, Балыкесирге келді.Сапар шеңберінде Балыкесир қаласының әкімі Йүджел Йылмазбен, жергілікті ақпарат құралдарының басшыларымен кездесіп, қаланың тарихи-мәдени мекендеріне бару жоспарланған.2023 жылдың тамыз айында 30-ға жуық балыкесирлік БАҚ өкіліне арнап Түркітілдес журналистер қоры Алматыда жоба ұйымдастырған болатын. […]

ГӨМЕЧ АУДАНЫ ТЕҢІЗ АСТЫ МҮСІН МУЗЕЙІ

Түркітілдес журналистер қорының Балыкесир журналистер одағымен ортақ жобасы жалғасуда. Бүгін Балыкесирге қарасты Гөмеч ауданы әкімі Мехмет Ирем Химам мырзамен кездестік. Әкім мырза Эгей теңізінің астында ашылған музеймен таныстырды. Мифологиялық кейіпкерлердің мүсінінен құралған музейге шетелдік туристердің қызығушылығы зор екен.Әкімнің айтуынша, мүсіндердің бәрі – мәрмәрдан.Жыл сайын әр елден жиналатын мүсіншілер әртүрлі кейіпкерді тастан қашайды. Теңіздің 12-24 метрлік […]