АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР

Бүгін Алматыдағы Біріккен ұлттар ұйымының ғимаратында “Есік” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Талғар және Қойлық қалашықтары Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің құрамдас бөлігі ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарын бастады. Шараның ашылу салтанатында “Есік” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова ханым халықаралық семинардың басты мақсатына тоқталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті […]