Баспасөз хабарламасы 2023 жылдың 7-8 қыркүйегінде сағат 9.30-да «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Талғар және Қойлық қалашықтары Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің құрамдас бөлігі ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізеді. Семинар жұмысына АҚШ, ҚХР, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің ғалымдары қатысады. 7-қыркүйек күні семинар қонақтары ортағасырлық Талғар (Талхиз), Рахат қалашықтарымен […]