baxon_477_vm7u1zf1
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Франциядан табылған Қасым ханның әйелі Айша ханымның қолжазба көшірмесін басып шығарды. Қолжазба — түркі тіліндегі (қыпшақ диалектісі) мұсылман теологиясы бойынша жазылған. Ғалымдар белгілі шығыстанушы В.П.Юдиннің XVI ғасырдың басындағы «Таварих гузида Нусрат нама» қолжазбасын көне қазақ тілінде […]