100 игі іс: «Халық лигасы» қатысушыларыныңжаттығулары қалай өтеді?

14 жыл бойы Halyk Ұлттық баскетбол федерациясымен бірлесіп «Халық лигасы» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып келеді. 7-17 жас аралығындағы балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері баскетбол ойнауды үйренеді және алған дағдыларын шыңдайды. Биыл жобаға Қазақстанның 16 өңірінен 297 бала қатысуда. Олар күзде Алматыда өтетін «Үміт Кубогы» чемпионатына белсенді дайындалуда. Жалпы 24 команда құрылды – 16 ерлер мен 8 әйелдеркомандалары. Биылғы жылы қыздар жобаға алғаш ретқатысып отырғанын атап өту маңызды. Жобанықаржыландыруды Halyk толығымен өз мойнына алып, биыл54 миллион теңге бөлді. Бұл ақшаға қатысушылар форма, спорттық жабдықтар сатып алады, залды жалға алады жәнежаттықтырушылардың жұмысына ақы төлейді. Осылайша, жоба балаларға кәсіби деңгейде спортпеншұғылдануға көмектесетін және болашақ мамандықтытаңдау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретінәлеуметтік лифт түрі болып табылады. Балалар жаттығуларға үнемі барады, аптасына бірнеше ретжаттығады және кәсіби жаттықтырушылардыңбасшылығымен өз ойындарын жетілдіреді. Бүгінгіматериалда біз өмірлік қиын жағдайға тап болған Алматы облыстық балаларды қолдау орталығыныңтәрбиеленушілері арасында баскетболдан жаттығулар қалайөтетінін айтып береміз. Бапкер Оксана Бекболатованың айтуынша, биыл «Халық […]