TURABEXPO көрме ұйымы Стамбұлда 2023 жылдың 15-18 тамызы аралығында «Медициналық туризм және денсаулық сақтау» тақырыбында көрме ұйымдастырады.  Аталған шараға ауруханалар, емханалар, медициналық орталықтар, агенттіктер және сақтандыру компанияларының өкілдері қатыса алады. Медициналық құрал-жабдықтар, ауруханалық жабдықтар мен технологиялар, фармацевтикалық өнімдер қойылатын көрмеге Түркиядағы 150 медициналық мекеменің өкілдері мен бүкіл әлемнен қатысушылар шақырылған. TUABEXPO тарапынан қонақтарға ұсынылатын ҚЫЗМЕТТЕР […]

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түркия Туризмін таныту және дамыту агенттігі (TGA)  мен Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыруымен Түркия Республикасында жүрміз. Бауырлас елде көздің жауын алатын жауһар мекен көп қой. Соның бірі әлбетте, Анталья. Күн райы керемет. Жерорта теңізі бабында. Әлемнің әр қиырынан туристер ағылып жатыр. Пресс-турға бізден өзге Румыния, Сербия, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінен әріптестеріміз де келді. […]

«БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ЖАРНАМАЛАУ ДӘУІРІ ӨТКЕНГЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК»: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АСХАТ ОРАЛОВ ОЙЫН БИЗНЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов вице-министрлердің, комитет төрағаларының және ҚР МСМ аппарат басшысының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді. Күн тәртібіндегі басты тақырып – лудоманиямен күрес. «Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін […]

Құрметті БАҚ басшылары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, журналистер, баспасөз хатшылары, PR-менеджерлер, туризм саласының мамандары! 2023 жылдың 21-23 шілдесінде Түркітілдес журналистер қорының Алматы облысының әкімдігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің серіктестігінде бірлесіп өткізетін І Халықаралық медиа және туризм форумына шақырамыз! Аталған шараға әлемнің Түркия, Британия, Австрия, Белгия, Германия, Франция, Молдова, […]