Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Атырау облысына жұмыс сапары аясында Абай атындағы оқушылар сарайына келіп, ондағы JasSpace STEAM орталығының жұмысымен танысты. Оқушылармен кездесіп, балалар жасаған STEAM жобалармен, роботтар прототиптерімен танысқан елші Дэниел Розенблюм JasSpace – уақытпен санаспай атқарған үлкен еңбектің жемісі екенін атап өтті. Және STEAM орталықта атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. Қазіргі […]

Конья қаласына келгендер міндетті түрде бас сұғып, зиярат жасайтын орын — Мевлана музейі. Бұл музей парсы ақыны Румидің құрметіне жасалған. Мевлана — біздің мырза дегенді білдіреді. Султан Ала ад-дин Кей-Кубад I арнайы шақырып  алдырған Румиді халық Мевлана атаған. 1273 жылы ақын осы музей тұрған орынға жерленген. Румидің шәкірті кейіннен ұстазының басына маазолей тұрғызған. 1926 жылдан […]

Афионды апиынымен қоса артта қалдырып, Бейшеһерге жеттік. Бейшеһер — Коньяға жақын орналасқан қала. 70 мың тұрғыны бар.  Мұндағы көне мешіт Эшфорфоглудың тарихы ХІІІ ғасырдан тамыр тартады. Ерекшелігі көп. 48 бөрене көтеріп тұрған мешіт балқарағайдан өрілген. Ағаш түзу болып, өз қасиетін ұзақ сақтауы үшін алты ай суда ұсталып, содан кейін ғана құрылысқа пайдаланылған екен. Биіктігі 7,5 […]

Афион-Қаракесир туризмге сұранып тұрған, келген адам өкінбейтін қала екен. Себебі мұнда туризмнің түр-түрі дамыған. Оған табиғи байлығы, орналасқан жері толық сай келіп тұр. Афион — апиын деген сөзден шыққан. Әлі күнге дейін аймақта апиын өсіріледі. Яғни, Афион апиынды дәрі, дәмдеуіш үшін өсіруге Түркияда рұқсат берілген үш қаланың бірі.  Афионға тіркелген Қаракесір атауы қорған дегеннен шыққан. […]

Афион-Қаракесир қаласында бір-бірінен ерекшеленетін музей көп. Соның ішінде Аихеологиялық музейдің орны бөлек. Музейге кіргеннен қаланың мрамор орталығы екені анық аңғарылады. Мрамормен көмкерілген тарихи экспонаттар бірден өзіне тартады. Мұндағы жәдігерлер сонау қола, мыс дәуірінен тамыр тартады. Тіпті 15 милл жыл бұрын тірлік еткен мамонттың да қаңқасын табасыз. Сондай-ақ ежелгі халықтың тұрмысы мен тіршілігінің эволюциясынан толық мәлімет […]