Түркияда ақпанда болған жер сілкінісі Қазақстандағы туроператорлар мен агенттіктердің жұмысына кері әсер еткен жоқ. Жазғы демалысқа жолдама алып қойған туристер сапардан тас тартпаған. Туристік агенттер Түркиядағы танымал курорттарға алдын ала сатып алған билеттерді қайтармаған. «Туристік Қамқор» қорының президенті Ирина Рей: «Қазіргі таңда Түркияда біздің 200-ге жуық клиентіміз бар. Олардың ешқайсысы демалысын үзгісі келмеді. Көпшілігі танымал […]