ҚР Ұлттық музейі Германияның Тюбинген университетімен бірлесіп Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында палеолит дәуірінің көп қабатты тұрағын анықтады. Алғаш рет табылған тарихи орыннан көптеген тас құралдары, соның ішінде нуклеустер, қырғыштар, үшкір тастар табылды. Сонымен қатар қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жануарлардың сүйектері мен көмір қалдықтарын зертханалық сараптамаға жіберу жоспарлануда.  ҚР Ұлттық музейі мен Германияның Тюбинген университетімен жасалған […]

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде халықаралық «ART TALK» ІІ симпозиумының салтанатты жабылуына орай көрме ашылды. Айтулы шараны Ұлттық музей директорының орынбасары Назгүл Қадірімбетова ашып, дәстүрге айналған халықаралық симпозиумға қатысқан суретшілерге алғыс білдіріп, көрме жұмысына сәттілік тіледі. -Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қылқалам иелерінің шалқар шабытпен салған дүниелері Елорда тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айнала берсін. Бір-біріне ұқсамайтын қайталанбас […]