Қостанай қаласында Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен 2022 жылдың 27-28 сәуірінде «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өтуде. Шараға Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймағынан арнайы сауалнама арқылы алдын ала іріктеуден өткен 30 журналист қатысып жатыр. Журналистердің жол, тамақ, қонақүй шығыдары Түркітілдес журналистер қоры өтейді. БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған […]
Бүгін Алматы қаласында «Sarap» эксперттік клубы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Политолог» студенттік пікірталас клубының «Саяси реформалар: тәуекелдер мен перспективалар» атты бірлескен отырысы өтті. Шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды. Іс-шараға саясаттанушылар, ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, университет докторанттары және ҚҚДИ сарапшылары қатысты. Эксперттік клуб қатысушылары Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында айтылған саяси […]
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция биыл алтыншы рет өткізілді. Халықаралық журналистиканың даму трендтеріне арналған ғылыми жиын Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен өтіп келеді. Биылғы конференция жұмысына АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Польша, Түркия, Мексика, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінен ғалымдар, БАҚ өкілдері […]
Алматыда «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр. 8-9 сәуірге жоспарланған екі күндік шараға Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясы қолдау білдірді. Семинарды медиа тренер, Британиядағы «Avrupa» медиа холдингінің басшысы Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншікті тілшісі Юсуф Өзкан жүргізіп жатыр. Шараға Алматы қаласымен бірге Қазақстанның […]
Тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуді тез әрі ыңғайлы рәсімдеу қажет пе? Halyk Homebank қосымшасындағы бірегей жаңа сервисті пайдаланыңыз және тіркеуге өтінімді бірнеше минут ішінде беруге болады. Енді көшіп келген тұрғылықты жерге тіркелу үшін Halyk Homebank қосымшасы орнатылған смартфонның болғаны жеткілікті. Жаңа сервисті пайдаланудың маңызды шарты мемлекеттік дерекқорларда цифрландырылған мәліметтің болуы (тұрғын үй иесі, бірге иеленушілер және тіркелетін адам) және Halyk Homebank қосымшасынатіркелу қажет. Қосымша арқылы өзіңізді, 14 жастан 16 жасқа дейінгі балаңызды тіркей аласыз. […]
«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры 2022 жылдың 8-9 сәуірінде Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясының қолдауымен,Алматы қаласында «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді. Семинар-тренингтің ашылу салтанатына Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Кэролайн Сэвидж қатысып, журналистермен кездеседі. Британиядағы «Avrupa» медиа холдингінің басшысы Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншіктітілшісі Юсуф Өзкан медиа тренер […]