Армрестлингтен Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнінде жасөспірімдер және жастар арасында сайыс аяқталды. Дүбірлі сында ұлттық құрама сапында Түркістан облысы, Шардара ауданының өрендері бақ сынап, кіл мықтылар додасында Әнұранымызды 22 рет шырқатты. Ел қоржынына 22 алтын медаль салған сайыпқырандар сенімді ақтады. Атап айтсақ, жеткіншектер арасында 45 келіде – Базарбай Асылжан, […]
Балалар мен ересектерге экологиялық білім беру саласындағы «Экопатруль» жобасы экологиялық мәселелерді шешу үшін қоғамдық белсенділердің, волонтерлердің және қаланың білім беру мекемелерінің күштерін жұмылдыруда. Жоба Орталық Азияның Еуразия қорының «Шеврон» компаниясыменәріптестікте әзірлеген «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында қаланың қоғамдық топтары ШҚО Жол картасы бойынша экологиялық мәселелерді талқылауға қатысты. Жол картасы жаңа қоқыс өңдеу зауытының қызметі, қоқыс полигонының […]
«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Ауқымды шарада ішкі саясат пен билікке қатысты бірқатар маңызды дүниелер қозғалып, шешімдер қабылданды. Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап: «Партияны ел Президенті басқаруға тиіс», – деді. Nur Otan – биліктің партиясы, жетекші саяси күш. «Nur Otan» партиясының қалыптасу […]
Бүгін Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Өзбекстанның аймақаралық ынтымақтастығының III форумына қатысты деп хабарлайды, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. Форумда сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, су-энергетика салаларындағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, туризмдегі және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық өңірлік […]
Түркістан облысының орталығында өткен «Алтын күз-2021» мерекелік шарасында ауыл шаруашылығы саласының жұмыстары қорытындыланып, ерте көктемнен қара күзге дейін тер төккен шаруалардың еңбегі еленіп, марапатталды. Аталмыш шарада Сарыағаш ауданы үш номинация бойынша үздік аудан атанды. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу», «Жұмыртқа өндіруден» және «Құс басын ұлғайтудан» облыста мол өнім жинап, еліміздің экономикасына орасан зор пайда келтірді. […]
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы және Құркелес ауылдық округі әкімдігі бірлесе отырып, облыс аумағында басталған “Гүлденген Түркістан” ағаш отырғызу эко-акциясы аясында Құркелес ауылдық округі аумағында 200-ге жуық ағаш көшеттері егілді. Іс-шараның мақсаты — ауданды көгалдандыру, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шараға Сарыағаш ауданының мәслихат депутаттары М.Асилов, […]
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тәуелсіздік жылдарындағы аудан мен қаланың өзгеру тарихын, жетістіктерін көрсету мақсатында «Кеше және бүгін» фотокөрмесі өтті. Байқаудың мақсаты — Сарыағаш ауданының 1991-2021 жылы аралығындағы жетістіктері мен аудандағы тарихи маңызы бар оқиғалары мен іс-шараларынан тарихи суреттердің фотокөрмесін жасау арқылы тәуелсіздік жылдарындағы аудан тарихын көпшілікке таныстыру, жас ұрпаққа кеңінен насихаттау және қатысушыларды […]
Аталмыш іс-шараға аудандағы Қапланбек жоғары аграрлық -техникалық колледжі, «Арыстанбаб» жоғары колледжі, №12 колледжі, Абу Али Ибн Сина медициналық колледжі, Сарыағаш медресе колледждерінің студенттері спорттың тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ләңгі тебу, волейбол, кіші футбол, арқан тарту, кір тасын көтеру түрлерінен сынға түседі. Екі күнге созылған лига аудан аумағындағы №2, №4 спорт мектептерімен Қапланбек жоғары аграрлық -техникалық колледжінің […]
Құқықтық база кез келген саланы мемлекеттік реттеудің негізі болып табылады. Сондықтан ғылым саласында орын алған мәселелерді шешу үшін Мемлекет басшысы жылдың соңына дейін «Ғылым туралы» заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырған болатын. Атап айтсақ, ғалымдардың жалақысын базалық қаржыландыруға қосу, іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми институттарды тікелей қаржыландыру тетігін енгізу, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту, Ұлттық […]
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дәстүрлі «Музейге сый» акциясы өтті. Тарихы атақты Әмір Темірден бастау алатын акцияға 50-ге жуық құнды мұралар тапсырылды. Олардың қатарында халық арасында сақталған құнды қолжазбалар мен көне баспалар және қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар бар. -«Музейлерде жинақталған жәдігерлер қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан төл медениетінің материалдық және […]