Written By admin
Categories:

Түркияда 2016 жылы 15 шілдеде орын алған опасыз төңкеріс әрекетінің 8 жылдығына орай еске алу рәсімі өтті.

Астанадағы Түркия Республикасының елшілігінде Коммуникациялық жөніндегі басқармасынын үйлестірумен өткен шараға Қазақстан Ұлттық ұланынан генерал-майор Қайрат ҮМБЕТОВ пен подполковник Талғат НӘШЕНОВ қатысты.

2016 жылы 15 шілдеде опасыз төңкеріс жасаушылардың қолынан шейіт болған 253 шәйітті бір минут үнсіздікпен еске алында, артынан Түркия мен Қазақстанның мемлекеттік әнұрандары айтылды.

Рәсімге қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы Ережепов ӘБІЛАЙХАН қасиетті Құран Кәрімді оқып, одан кейін наиб мүфти Ершат АҒЫБАЙ шейіттерге және екі елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Одан кейін 2016 жылдың 15 шілдесіндегі оқиғалар мен “ФЕТО” лаңкестік ұйымының құрылымы мен қауіптілігінтүсіндіретін видеолар көрсетілді.

Салтанатты шарада Түркияның Астанадағы Елшісі Мұстафа КАПУЧУ сөз сөйледі. Сөзінде: «Фетуллахшы террор ұйымы – ФЕТО жоспарлаған 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетіне 8 жыл толды, ұйым мүшелері Қарулы Күштердің басқару тізбегінен шығып, армиямызға сіңіп кетті.

Төңкеріс әрекеті салдарынан 253 азаматымыз шейіт болды, екі мыңнан астам азаматымыз жарақат алды. Осы орайда мен шейіт болғандарымыз бен қаһарман ардагерлерімізді алғыспен және құрметпен еске аламын.

15 шілде күні ФЕТО-ның мемлекетімізге төніп тұрған үлкенқауіп-қатері анықталды. Бұл қауіп-қатерді жоюдағы еңүлкен үлес өз еркімен ешқандай билікті мойындамайтынын және мемлекеттік және демократиялық жетістіктерін қорғауүшін жанын беруге дайын екенін көрсеткен түрік халқына тиесілі.

Осы тұрғыда шетелдік әріптестерімізбен барлық байланыстарымызда “ФЕТО-ның” әрекет ететін басқа елдердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні баса айтылады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, “ФЕТО”-ның террористікұйым болуымен қатар, «культ» сипаты бар тыңшылық ұйым екенін және әрекет ететін әрбір елге қауіп төндіретінін атап өткім келеді.

Ұзақ мерзімді екенін білетін “ФЕТО-ны” шетелде құрылымдау бағытында жұмысымыз табандылықпен жалғасады.

Бауырлас Қазақстаннан күтетініміз – “ФЕТО”-ға қарсы жергілікті және халықаралық заң аясында тиімді күрес жүргізу» – деп атап өтті.