Written By admin
Categories:

Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association — WFPA) «Шеврон» компаниясының серіктестігінде 2024 жылдың 11 қыркүйегінде қазақ журналистер үшін «Шеврон» компаниясының әлеуметтік бағыттағы жобаларының өкілдерімен онлайн кездесу өткізеді.

Аталған кездесу нәтижесінде БАҚ өкілдері Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыратын «Әлеумет — қоғам айнасы» байқауына қалаған әлеуметтік жоба туралы мақала жазады.
Байқау жеңімпаздары 2024 жылдың 11 қарашасында Алматыда өтетін IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының салтанатты кешінде марапатталады.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Қазақстанның барлық облыс, аймақтарынан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Британия, Нидерланд, Швейцария, Австрия, Бельгия, Италия т.б. елдерден БАҚ басшылары, журналистер, баспасөз хатшылары, PR менеджерлер, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, трэвл блогерлер қатысады.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408.

#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #wfpa #worldforeignpressassociation #chevron #шеврон