Міне, биыл 2005 жылы мектеп бітірген түлектерге 20 жыл толып жатыр. Бүгінде әлеуметтік желіні ашып қарасақ, 2005 жылғы түлектердің туған жеріне деген жасаған еңбектері жария болып жатыр. Бірі ауылдың қақпасын салса, бірі саябақ ашып, тағы біреуі оқыған білім ошақтарын жиһазбен жабдықтап жатыр. Мұның бәрі әрине асып тасығаннан емес, елге туған жерге деген перзенттік парыз.

Сондай қайырымды игі істердің бір шамасын атып өтер болсақ: Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Қайыңды ауылдық округінің түлектері мектептеріне жиһаздар сатып алып, спорт алаңдарын салып, мұғалімдер бөлмесіне жиһаз тарту етті. Түлкібас ауданының түлектері мүмкіндігі шектеулі отбасының құлаған үйін қайта тұрғызып, баспанасын жаңартып, орталық мешіттің жылу жүйесін жүргізді. Кентау қаласының түлектері балалар ойын алаңшасын орнатып, ауылдың дамуына үлес қосты. Созақ ауылының 20 жылдық түлектері ауыл орталығына саябақ салып берді. Ауылдың тарихын келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында ауылдың көрікті жерлерін сақтау және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ауыл тұрғындарының өздерінің мәдени мұрасына деген құрметін көрсетеді.

Сондай игі істердің бастамасы деп, Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылының 1988 жылғы жігіттері өткен жылдың күзінде қолға алып, ауылдағы жағдайы төмен отбасының тұрып жатқан үйін толыққанды қайта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.

     Сонымен қатар, ауылдық мешіттің жуынатын бөлмесін құрал-жабдықпен қамтып, өздері оқыған бұрынғы Аманкелді атындағы білім ошағына ұстаздар үшін жиһаз сыйлады.

    Қайырлы істіде естен шығармаған түлектер басына іс түскен отбасыға қаржылай қолдау көрсеттті.

    Араларынан ерте кеткен сыныптастарына арнайы құран бағыштап, ауылда 500 адамға ас берді. Жастарды спортқа баулу, дін жолындағы жастарға демеу болу мақсатында арнайы құран жарыс пен қошқар көтеруден сайыс өткізді. Ұлттық спортты дамытуды қолға алған ауыл жастары дәстүрлі түрде көкпар өткізіп ауыл ақсақалдарының ақ батасын алуда. Бұнымен шектеліп қоймай, өздеріне дәстүр санап, алдағы уақытта көмек қолын созып отыруды өздеріне міндеттеп алды.

    2005 жылғы түлектердің туған жерлеріне жасаған қайырымдылықтары мен игі істері — олардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Олар өздерінің білім алған мектептеріне, ауылдарына, қоғамға деген перзенттік парызын орындап, елдің дамуына үлес қосуда. Бұл әрекеттер жастардың туған жерге деген құрметін арттырып, қоғамда бірлік пен ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.