MENTOR Baspasy бала тәрбиесіне арналған алғашқы кітабын жарыққа шығарды
MENTOR Baspasy бала тәрбиесіне арналған «ҮЗДІК. Балаға қалай көмектескен жөн? Мектепте де, өмірде де» деп аталатын алғашқы кітабын қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шығарды. Бұл кітап балалары мен немерелерінің табысты әрі бақытты болып өскенін қалайтын баршаға қажетті кеңестер мен тұжырымдар ұсынады.

Кітап авторы – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім Күләш Шамшидинова.

Оның кәсіптік өмір жолы білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Мұғалімдіктен мектеп директорына, елдің білім және ғылым министріне дейінгі лауазым баспалдақтарынан өтіп, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім бері ұйымының он жылдан астам басшысы болды.

Ол өз кітабында бүгінгі тәрбие мен білім берудің ең өзекті мәселелерін қозғайды. Баланы оқуда қалай қолдау керектігін, оның міндеттері мен дамалысының арасындағы теңгерім қандай болуға тиістігін, өзіне сенімділікті қалай сіңіру қажеттігін қарапайым тілмен әрі нақты мысалдармен түсіндіреді.

Кітап бүгінгі ата-аналарды мазалайтын ең маңызды сұрақтарды қамтиды:
- Мектепті қалай таңдаған жөн?
- Тек «бестік» бағаға ұмтылған дұрыс па?
- Цифрлы дәуірде оқушыны қалай ынталандырамыз?
- Мұғаліммен кикілжің туса не істеу керек?
- Баланы қажытып алмас үшін қайткен жөн?
- Ата мен әже неліктен білім мен мейірімнің қайнар көзі саналады?
Күләш Шамшидинова, автор:
«Бұл кітап баланы қайткен күнде де озат қылып тәрбиелеу туралы емес. Бұл кітап өмірден өз орнын таба алатын, жауапкершілікті түсінетін, бақытты, табысты адам тәрбиелеу туралы. Баланы шын мәнінде үздік қылатын нәрсе – осы».