Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Ақниет елді мекеніндегі «Ардагерлер саябағында» «7- мамыр Отан қорғаушылар күні» және «9-мамыр Ұлы Жеңістің 77 жылдығы» мерекелері кең көлемде аталып өтілді.
Мерекелік іс-шараға жиналғандар Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына құран бағыштады.
Мерекелік іс-шараға Құркелес ауылдық округінің әкімі Қ.Иматов, аудандық мәслихат депутаты Ә.Керімбекова және Құркелес ауылдық округінің «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Е.Алтаев, тыл ардагерлері, ел ағалары, ақсақалдар арнайы қатысты.
Құркелес ауылдық округінің әкімі Қ.Иматов ардагерлерді мерекемен құттықтап, адамзат тарихындағы ең жойқын соғыстағы жеңісте біздің ата-бабаларымыздың жасаған ерлігі қашанда болашақ ұрпақтың жадында жаңғырып тұратындығын атап өтті.
Іс-шарада ауылдық округтің мәдениет үйі өнерпаздарының патриоттық әндері шырқалды.Шара соңында ауыл әкімінің ұйымдастыруымен мерекелік дастарған жайылып, тыл ардагерлеріне, ауған соғысы ардагерлеріне және ел ағаларына ас берілді.