Қаюов Бақытжан Шадиярбекұлы өнер саласының майталманы. Сахна тілі мамандығын аяақтасада қуыршақ театрында 25 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. 2022 жылы «Шал мен теңіз» спектакліндегі Шал рөлі үшін «Жылдың үздік» актері мараппатын алған.

    Бақытжан Қаюов – өз ісіне адал, көпжылдық тәжірибесімен танылған, театр өнерінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген дарынды актер. Ол өзі 100 ден аса рөлдерді сомдады.Оның әрбір рөлі көрерменге ұмытылмас  әсер қалдырып қошеметке бөленіп келеді

  • Қайырлы күн, Бақытжан Шадиярбекұлы. Сізге қояр алғашқы сауалым, қуыршақ театрына қалай келгеніңіз жайында айтып берсеніз.
  • Қайырлы күн, рақмет.  2000 ж бізді группамызбен Сұлтанғали Шүкіров ағамыз театрға шақырған болатын. Сол кезде артистердің керемет ойнауы, қуыршақпен бірге өмір сүруі таңғалтты. Содан кейін қызығушылығымыз артып, содан бері осы театрдамыз.
  • Театр қызығы мен шыжығы қатар жүретін орын болғандықтан ауыртпашылығына қалай төтеп бересіз ?
  • Осы Қуыршақ театрының актері болғаныма қуанамын. Қандай жұмыстың да өзінің бір ерекшелігі болады, ауыртпашылығы болады. Десек те, балаларды қуантуға барымызды саламыз. Осы жолда жұмыс жасап жатырмыз.
  • Ғұмырыңыздың жартысын осы қуыршақ театрына арнадыңыз. Осы аралықта театрда қандай өзгерістер болды? Қуыршақ театры қалай дамыды
  • Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрында қызмет етіп  жатқаныма біраз жылдың жүзі болды. Осы аралықта театрда үлкен өзгерістер болды. Театр репертуары көптеген жаңа қойылымдармен жаңартылды. Талантты азамат пен азаматшалар жұмысқа орналасты. Басты көрермендеріміз кішкентай бүлдіршіндер болса да, театр форматы өзгеріп, ересектерге арналған қойылымдар сахналай бастадық. Бұл үлкен сара жолдың бастамасы болды. Жаңа қойылымдар арқылы шетелде халықаралық деңгейде өтетін фестивальдерге шақырту алып, үлкен театрлармен үзеңгілес өнер көрсетіп, өзіміздің ұлттық қуыршақ өнерін таныстыра бастадық. Абай Құнанбаевтың қара сөздеріне негізделген «Мен бір жұмбақ адаммын… Абай» қойылымын, батыстың белгілі классик жазушы-драматургтерінің «Медея», «Шал мен теңіз», «Ромео мен Джульетта», «Макбет», «Ана-Жер Ана» сынды шығармалары сахналанауда. Аталмыш спектакльдер бірталай фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Осы қойылымдар театр көрермендерінің көзайымына айналып, үлкен белесті бағындырып отырғанын мойындатты. «Жақсынының жақсысын айт нұры тасысын» дейді, осы 25 жылдың өзінде театр жақсы жаққа дамыды. Заман талабына сай әлі де дамитынына сенімдімін. Алатын белестері көп.
  • Өзіңіздің жаныңызға жақын қойылым немесе белгілі бір қуыршақ бар ма ?
  • Барлық қуыршақтар мен үшін ерекше. Әр қойылымның өзінің тәттілігі бар. Біздің Қуыршақ тетарында негізінен бүлдіршіндерге ертегі, аңыз қойылады, сол арқылы балаларға кішкентай болса да тәлім-тәрбие беріп жатырмыз. Сол мені қуантады, бір жағынан қойылым қандай болсада жанымызды беріп, жанымыздай көріп ойнауға тырысамыз.
  • Қуыршақпен дайындықтарыңыз қалай өтеді?
  • Негізі, қуыршақ театрында қуыршақтың келбетіне, бойына, түріне, бәріне қарайтын – актер. Дауысы келеді ме, келмейді ме, образға жатып жұрма, жоқ па бәрін тексереді. Жан дүниеміздегі  нәрсенің барлығын осы қуыршаққа беріп, қуыршақ арқылы халыққа жетсіземіз.
  • Сізге көп-көп рақмет, Бақытжан мырза. Шағын сұхбатымызға келіскеніңізге алғысымыз шексіз. Сіздің кешелек ұрпаққа кеңесіңіз немесе біреуге айтар алғысыңызды айта кетсеңіз болады.
  • Қуыршақ театрында істегеніме міне 25 жылдан асып бара жатыр. Ұстазым Мұрат Әбзелбаевқа алғысым шексіз. Менің осы өнерге деген алғашқы қадамды бастауға көмектесті .

      Міне, біз қуыршақ театры жайлы, актердің рольмен жұмысы жайлы шағын ақпаратқа қанық болдық. Қуыршақ театры — халықтың рухани әлемінің айнасы, тәрбие мен өнердің ұштасқан тұсы. Ол тек көңіл көтеру құралы емес, жас буынның жан дүниесін байытып, өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын маңызды өнер саласы. Сондықтан да бұл театрдың дамуына қолдау көрсетіп, оның құндылығын арттыру — баршамыздың ортақ міндетіміз. Қуыршақ театрының болашағы жарқын., себебі ол — бала мен өнер арасындағы алтын көпір.

Әсемай Мамырбек,

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театртану» бөлімінің 1 курс студенті