ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ — ҚОҒАМНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛШЕГІ Қазіргі таңда қаржыға қатысты алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Әсіресе өзгенің атынан несие рәсімдеу және есепшоттағы қаржыны жымқыру азаяр емес. Бұл неліктен болып жатыр? Әрине халықтың қаржылық сауатының төмендігінен.
Соңғы жылдары елімізде халықты жаппай қаржылық сауаттылыққа үйрету қолға алынуда. Бұл әрине болашаққа жасалған мықты қадам. Бұл маңызды қадамның алға ілгерілеуі үшін ең алдымен БАҚ өкілдерінің атқарар қызметі мен міндеті жоғары болмақ.
Осы бір өзекті мәселені арқау өткен семинар-тренинг күні кеше Түркістан қаласының қақ ортасында Halyk Bank-тің демеушілігімен, «Түркітілдес журналистер» ҚҚ ұйымдастырып өткізген болатын. Жиын барысында Halyk Bank-тің Түркістан обыстық филиалының директоры Артур Тасқарин жеке және заңды тұлғалар бойынша орынбасарларымен біргелікте ақпарат көздерімен бөлісті. Қаржылық сауаттылықтың маңызы, алаяқтардың айлалары сияқты, сондай-ақ, сақтану әрекеттерін де үйретіп өтті.
«Түркітілдес журналистер» қоғамдық қорының директоры Нәзия Жоямергенқызы да қаржылық сауаттылық жайлы пікірлерімен бөлісті.
Балнұр ОСПАНОВА.
Сарыағаш ауданы