2022 жылдан бастап, «Halyk Life» мобильді қосымшасы сақтандыру компаниясының клиенттері үшін бұрынғыдан да ыңғайлы болды. «Халық-Life» АҚ-ы өзінің мобильді қосымшасын жаңа маңызды функциямен – сақтандыру жағдайының басталғаны жөнінде хабарламаны беру мүмкіндігімен толықтырды. Енді компания клиенттеріне сақтандыру шартының орын алған оқиғаны өтейтіні жөнінде анықтау үшін қоңырау шалуғанемесе кеңсеге келудің қажеті жоқ. Хабарламаны «Halyk Life»мобильді қосымшасы арқылы бір-екі қимыл жасап-ақ, беруге болады, сонымен бірге хабарламаның қаралу мәртебесін өтінішті тіркеген сәттен бастап, сақтандыру өтемін төлегенсәтке дейін қадағалауға болады.
«Бүгінде әр адамға қандай да бір ақпаратты жедел алу өте маңызды, әрі клиенттер компаниялардың оларға 24/7 режимінде қызмет көрсететініне үйренген. Біз де клиенттерімізге ыңғайлы болуы үшін өз бизнес-үдерістерімізді жетілдеруге және автоматтандыруға және барынша оларды онлайн режимге шығаруға бар күшімізді жұмсаудамыз. Мобилді қосымшадағы жаңа функция жайлы айтар болсақ, бұдан былай клиенттерімізге сақтандыру шартының қандай да бір сақтандыру жағдайды өтейтіндігін анықтау үшін кеңсеге келуге және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлама жазуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Хабарламаны мобильді қосымша арқылы қашықтан қалдыруға болады. Бұдан басқа, біз, клиент үшін сақтандыру жағдайын реттеу процедурасының компанияда қаралу мәртебесін өзі қадағалап, бақылап отыру маңыздыекенін түсінеміз. Сондықтан біз істі қадағалау процесін қарапайым әрі баршаға түсінікті етіп жасадық», – дейді«Халық-Life» АҚ Басқарма төрайымы Ж. А. Жұбаниязова.
Компанияны хабардар етуге және сақтандыру жағдайы туралы хабарламаны «Halyk Life» мобильдік қосымшасының «Сақтандыру жағдайы» бөлімінде беруге болады. Клиент мәзірден полистің, сақтандырылған адамның шарт нөмірін, болған оқиғаны, күнін, орнын және болған жағдай туралыақпараттарды толтырып, содан кейін «Жіберу» түймесін басуы керек. Жолданған хабарламаның компанияда қаралумәртебесі «Сақтандыру жағдайы» бөлімінде қолжетімді болады.
Хабарламаны алғаннан кейін Компания менеджерлері біркүн ішінде клиентпен байланысып, болған оқиғаның мән-жайын және оның сақтандыру жағдайына жататындығын анықтайды, содан кейін өтінімді өңдеу процесін бастайды. Оқиға сақтандыру жағдайы болып табылса және олрасталғаннан кейін бұл өтінімге нөмір қойылады және өтінімберуші барлық қажетті құжаттарды ұсынған соң, «Сақтандыру жағдайы» бөлімінде өтінімнің қаралу мәртебесі сақтандыру төлемін жүзеге асыру сәтіне дейін көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Халық-Life» АҚ Компаниясы өмірді сақтандыру компаниялары арасында нарықта бірінші болып IOS және Android базасында мобильдік қосымшаны шығарды. Бірегей мобильдік сервистің арқасында компанияның клиенттері әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде өз сақтандыру шарттарының жағдайын қадағалап, жарналарды төлей алады, компания қызметі туралы жаңалықтар алып, басқа да қызметтерді орындай алады.
«Халық-Life» АҚ АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен қаржылық тұрақтылықтың «B+» деңгейіндегі рейтингісіне, сондай – ақ өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасындағы «bbb -» деңгейіндегіең жоғарғы кредиттік рейтингке ие. Компания биыл, сондай-ақ World Economic Magazine беделді халықаралық басылымымен аталып өтілді және World Economic Magazine Awards 2021 жыл сайынғы сыйлығының Best Life Insurance Company Kazakhstan 2021 (“Қазақстанның өмірді сақтандыру бойынша үздік компаниясы 2021”) номинациясының жеңімпазы болды.
Анықтама үшін: «Халық-Life» АҚ – «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 44,5 млрд теңгеге жеткен. «Халық-Life» АҚ – «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Лицензия компанияның бас кеңсесінің мекенжайының өзгеруіне байланысты 04.11.2016 жылы №2.2.41 жаңартылды.