Written By admin

1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Туған жер-алтын бесігім» тақырыбында қоғамдық келісімді нығайтуға және жастардың бойында патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған Музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушы: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы.

Іс-шараның мақсаты: Ұлттық сана-сезімнің жоғары деңгейін қалыптастыру, оның маңызды компоненттерін – қазақ халқының тарихын, тілін, дәстүрлерін, өзіндік ерекшелігін, қазақ халқының ұлттық мүдделерін, сондай-ақ студент жастар арасында этносаралық толеранттылықты, Қоғамдық келісім мен патриоттық тәрбиені қалыптастыру.

   Алматы қаласы бойынша  Қазақстан Халқы Ассамблеясы Хатшылығының   Ғылыми Сараптамалық тобының  мүшесі,  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы,  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының Профессор- оқытушы құрамы, «Музыкалық өнер», «Өнертанушы» және «Хореография» факультеттерінің студеттері қатысты. 

Музыкалық бағдарламаны даярлаған: «Музыкалық өнер» факультетінің 2 курс студенттері.
Іс-шараға жауапты: филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы.