Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде.
Акцияны қолдау мақсатында сонымен қатар, «6 шілде Астана қаласының күні» мерекесіне орай, бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өткізіліп, республикалық маңызы бар А-15 тасжолының бойы, облыстық және аудандық маңызы бар тасжолдарының бойымен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге 13 ауылдық округпен қала , бөлімдер мен мекемелер, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері,діни қызметкерлер, аудан жастары мен еріктілер, жалпы саны 900-ге жуық адам белсене қатысты.
Аудан әкімінің бастамасымен өткізілген қарқынды тазалық акциясы барысында көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, шөптері орылып, қураған ағаш бұтақтары кесілді. Жалпы 25 техника жұмылдырылып, 16 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Саябақтар және скверлер ретке келтіріліп, арық-атыздар тазаланды. Аудан аумағындағы мешіттермен мазараттарда тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық акция барысында:
- Сіздерді «6 шілде Астана қаласының күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында ,сондай-ақ ауданымыздың тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан аумағында сенбілік жұмыстары қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Бүгінде тазалықты сақтау күнделікті өмір салтына айналдыру қажет.Сондай-ақ, бұл жұмыс аудан орталығында ғана емес, ауыл округтерде, елді мекендерде де ұдайы ұйымдастырылуы керек. Туған жерімізді таза ұстау өзімізге байланысты, барша тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсене тасалысуға шақырамын! — дей келе, тазалық жұмыстары жыл бойы жалғасын табатынын атап өтті.
«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі