Алматы, 8 ақпан Бағдарламаның төртінші кезеңі азаматтық қоғамның төтенше және дағдарыс жағдайларға инновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін цифрлық технологиялар мен адвокация арқылы арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.
“Qolda 4.0″ байқауына қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үкіметтік емес ұйымдар шақырылады. 2022 жылдың с әуірінен қазан айына дейінгі кезеңде жобалардың іске асыру мерзімі 7 айға дейінгі 11 бастаманы қолдау жоспарланып жатыр.
Үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер келесі бағыттар бойынша қабылданады: 1. Экономикалық бағыттағы жобалар; 2. Экологиялық бағыттағы жобалар; 3. Қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен қалалар мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бойынша жобалар (Алматы қ. және Оңтүстік Қазақстан ).
Толығырақ ақпаратты байқаудың https://qolda.org сайтынан табуға болады. Өтінімді жіберу мерзімі 2022 жылдың 28 ақпаны сағат 23.00-ге дейін (Нұр- сұлтан қ. уақыты бойынша). Нәтижесі 2022 жылдың 18 наурызынан кешіктірілмей жарияланады.
Сұрақтар туындаған жағдайда оларды келесі электронды мекенжайларға жіберуіңізді өтінеміз: aliya@ef-ca.org, aizhan@ef-ca.org. Сондай-ақ, барлық мүдделі ұйымдарды жобаның Telegram-арнасына қосылуға шақырамызhttps://t.me/Qolda_project
Есіңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап Орталық Азияның Еуразия Қоры және “Шеврон” компаниясы “Qolda” жедел көмек бағдарламасын жүзегеасырып келеді. Бағдарлама мақсаты – халыққа COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын еңсеруге көмектесу.
2020 жылғы сәуірінен 2021 жылғы желтоқсанына дейін “Qolda” Қазақстан бойынша 39 ҮЕҰ және 7 БАҚ жобаларын қолдады. Бенефициарлардың жалпы саны 56 569 адамғажетті, ҮЕҰ 6000 волонтерді және 182 серіктесті тартты. Бағдарламаның негізгі көзделген аудиториясы – халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде көп балалы аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар балаларға иеотбасылар, мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, қатерлі ісікпен ауыратын науқастар, толық емес не көп балалы отбасысы бар бұрын сотталған адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары. Бағдарлама аясында 4 өзара көмек көрсету қоғамдық қызметі құрылды және екі мобильді қосымша әзірленді.
«Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және “Шеврон” компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» дүние жүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.